Ақпараттық хабар
2023 жылғы 16 маусым күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің ұйымдастыруымен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен оқыту семинары өткізілді.
Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Семинарға қатысушылар «Облыстық кәсіподақ комитетінің 2019-2022 жылдары атқарған жұмыстары туралы» бейнеролик тамашалады.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қызметінің негізгі бағыттары» тақырыбы бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек баяндама жасады.
«Аудандық, қалалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметін жоспарлау, іске асыру және олардың ерекшеліктері туралы» облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов практикалық оқыту өткізді.
Кәсіподақ қызметкерінің этикасы, кәсіподақ мүшелерімен жеке жұмыс жүргізу ерекшеліктері туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Л.И. Ан жасаған хабарламаны тыңдады.
Кәсіподақ жұмысын жетілдіру және практикада пайдалану үшін семинарға қатысушыларға облыстық кәсіподақ комитетінің дайындаған ақпараттық бюллетеньдері таратылды.
Семинарға қатысушылармен практикалық жұмыс жүргізіліп, сұрақ-жауаптар өткізілді. Өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосып, белсенді жұмыс атқарғаны үшін «Martebe» Білім және ғылымның салалық кәсіптік одағы» ҚБ Алғыс хатымен Мақтаарал, Сайрам аудандық, Түркістан қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандары Е.Жанисов, Р.Искакова, Ф.Дадабаев, облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісімен Жетісай, Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеттерінің мамандары С.Бейсенов, А.Аликулов, Құрмет грамотасымен Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандық кәсіподақ комитеттерінің мамандары Э.Алтынбекова, Х.Эрметов, С.Маккамбаев марапатталды.
Семинарға қатысушылар алған білімдерінің практика жүзінде үлкен септігін тигізерін айтып, алдағы уақытта да осындай семинарларды жиірек ұйымдастыруды ұсынды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.