Ақпараттық хабар
2023 жылғы 20 қыркүйек күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің ұйымдастыруымен аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен оқыту семинары өткізілді.
Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1 қыркүйек 2023 жылғы Қазақстан халқына жолдауы бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек хабарлама жасады. Мәжілісте Жолдауда қойылған міндеттердің жүзеге асуына белсенділік танытып, білім беруді дамыту, сапасын арттыру мен қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін жұмыстар жүргізу қажеттігін айтты.
«Кәсіподақ жиналыстарын дайындау және өткізудің практикасын жақсарту және бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік, практикалық көмек көрсетуді арттыру туралы» облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов хабарлама жасады. Сарыағаш, Мақтаарал, Созақ аудандық кәсіподақ комитеттірінің мамандары А.Аликулов, Е.Жанисов, Е.Қараулов сөз сөйлеп, өдерінің ұсыныс пікірлерін, кәсіподақ ұйымының қызметін жақсарта түсу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып өтті.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі және оның ерекшеліктері туралы облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев хабарлама жасады. Әлеуметтік кодекс бірқатар заңдарды біріктіп, ҚР азаматтарының мәселелерін шешуде өзіндік рөлі бар жаңа заңнамалық құжат болып табылады. Сондай-ақ, Ғ.Ақбердиев ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер туралы айтып, қысқаша тоқталып өтті. Айтылған мәселелер бойынша көмекші құрал ретінде арнайы шағын кітапша жасалып, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттеріне таратылды.
Аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандарымен оқыту семинарын өткізудегі мақсат – алған білімді тек теориялық тұрғыда емес, күнделікті практикалық мақсатта пайдалану, кәсіподақ қызметкерлерін нағыз маман етіп даярлау, кәсіби біліктіліктерін арттыру. Осы мақсатта оқыту семинары теориялық дәрістен соң практикалық сабакқа ауысты. Мамандар алған білімдерін, ойға түйгендерін ортаға салып, пікір алмасты, өз ұсыныс пікірлерін білдіріп, белсенділік танытып отырды. Кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру, кәсіподақ жиналысын өткізу және ұйымдастыру жұмыстары бойынша біраз сұрақтарға жауап алып, алдағы уақытта өз істерінде үлкен пайдасы тиер, азығы мол дәріс алып қайтты.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.