Ақпараттық хабар
2023 жылғы 01 қараша күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық кәсіподақ комитетінің әдістемелік кабинетінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерімен семинар өткізді
Семинарға колледждер және облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Семинарды облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, оның маңызы мен мақсатын нақтылап, семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Семинар бағдарламасы:
1. Мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жақсарта түсу жөніндегі атқарылатын шаралар және кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша жұмыстардың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстар туралы.
2. ҚР Әлеуметтік кодексі – қысқаша ақпараттық хабарлама. ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу туралы
3. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Семинарға қатысушы кәсіподақ активіне облыстық кәсіподақ комитетінің 2019-2022 жылдар аралығында атқарған жұмыстары туралы 10 минуттық бейнеролик көрсетілді.
Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы және кәсіподақ ұйымдарының жұмыстарын жетілдіре түсу, кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылатын нақты шаралар туралы, ұйымдастырушылық жұмыстар және кәсіподақ активін оқыту, практикалық көмек көрсету жөніндегі шаралар туралы, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жақсарта түсу мақсатында ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, практикалық көмек көрсетіліп жатқандығы туралы айтты.
Екінші мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің заңгері Ғ.Ақбердиев түсіндірме жасады, сұрақтарға жауап берді.
Күн тәртібіндегі соңғы мәселе бойынша облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мухтаров хабарлап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Семинар қатысушыларына бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында облыстық кәсіподақ комитеті арнайы әзірлеген методикалық нұсқаулықтар таратылды.
Семинарға қатысушылар алған білімдерін, ойға түйгендерін ортаға салып, пікір алмасты, өз ұсыныс пікірлерін білдіріп, белсенділік танытып отырды. Кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру, кәсіподақ жиналысын өткізу және ұйымдастыру жұмыстары бойынша біраз сұрақтарға жауап алып, алдағы уақытта өз істерінде үлкен пайдасы тиер дәріс алды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің тарапынан белсенді кәсіподақ комитеті төрағаларына арнайы төс белгілер, Құрмет грамоталар мен Алғыс хаттар тапсырылды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.