АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

Атқару комитетінде маңызды мәселелер қаралды.

 

2021 жылғы 22 қыркүйек күні  «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.

Кеңейтілген мәжіліске атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Қ. Жолаев, басшының орынбасары А.Садықова, бас маманы Қ.Арап қатысты.

Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.

Мәжіліс алдында Б.Еркінбек облыстық кәсіподақ комитеті филиалдарының жаңа төрағаларын кәсіподақ активіне таныстырды: Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Спарханов, Сауран аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ф. Рысбекова және Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы М.Төрежанова.

Кәсіподақ активі әріптестерін жылы қарсы алды.

Б.Еркінбек мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, ол көпшілік дауыспен бекітілді.

Күн тәртібі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 1 қыркүйек 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, насихаттау және түсіндірме жүргізу, іске асыру жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының жұмыстары туралы.
  2. Облыстық кәсіподақ комитетінің 2021 жылы кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстары туралы.
  3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мұғалімдердің облыстық спартакиадасын өткізу туралы.
  4. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты атқарылған жұмыстары жайлы.
  5. Облыстық «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» байқауының жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау және көтермелеу шаралары туралы.
  6. Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» жаңа мерзімге енгізілетін кандидатуралар туралы.
  7. Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуы жайлы Бәйдібек, Шардара, Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитеттерінің жұмыстары туралы.
  8. Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаевтың 1 қыркүйек 2021 жылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгер Ғ.Ақбердиев баяндама жасады.

Жолдауды талқылау бойынша Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев,  Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Р. Сайлауұлы, Түлкібас аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Абишев сөйлеп, Президент Жолдауын насихаттау, ел арасында түсіндірме жасау және іске асыру жөнінде атқарылатын шаралар туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.

  1. «Облыстық кәсіподақ комитетінің 2021 жылы кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстары туралы» Ғ. Ақбердиев хабарлама жасады. Ағымдағы жылдың 9 айында облыстық кәсіподақ комитеті және оның 16 филиалы 103 мың кәсіподақ мүшелерінің еңбек құқықтарының бұзылуы жөніндегі жазбаша, ауызша және телефон арқылы айтқан өтініштері бойынша 478 түсіндірме берілді, арыздар бойынша 47 тексеру, бұзушылықты ретке келтіру жүргізілді. 19 адам өзінің жұмысына қайта алынды. Қыркүйек айында 29 педагогтың сағат жүктемесі, 7 мұғалиманың бала күтімінен кейін жұмысқа қайта тұруына байланысты мәселелері оң шешімін тапты. Жалақы, еңбек демалысы, қосымша ақылар бойынша педагог қызметкерлерге 37 млн. теңге ақысы өндіріліп берілді.
  2. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мұғалімдердің облыстық спартакиадасын өткізу туралы мәселе бойынша облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Қ.Арап хабарлама жасап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша өткізіліп отырған спартакиаданың ережесімен, өткізу және марапаттау, республикалық спартакиадаға қатысу тәртібі жайлы түсіндірме берді. Мәжіліске қатысушылар облыстық спартакиада және оның аймақтық іріктеу кезеңі мен тәртібі, облыстық жарыс  жеңімпаздарының республикалық жарысқа қатысуына байланысты ұйымдастыру мәселелері бойынша  өздерінің  ой-пікірлерін, ұсыныстарын айтты.

4-5. «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ облыстық комитетінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты атқарылған жұмыстары жайлы және облыстық «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» байқауы жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларын марапаттау және көтермелеу шаралары туралы облыстық кәсіподақ комитетінің бас маманы Ан Л.И. хабарлама жасады.

Облыстық кәсіподақ комитетінің «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспарына» сәйкес, облыстық кәсіподақ комитеті бүгінгі күнге дейін кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттары және кәсіподақтың ішкі жұмыстары бойынша  әдістемелік көмекші құрал ретінде 24 бюллетень шығарды. Тәуелсіздік күні мерекесіне дейін жоспарға сәйкес барлығы 30 бюллетень жарық көретін болады. Облыстық кәсіподақ комитетінің 1991 -2021 жылдар аралығындағы жұмысы туралы 20 минуттық бейне ролик дайындалды. Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлесіп ауданның білім беру ұйымдарының тәуелсіздік жылдары кезеңіндегі дамуы мен өркендеуі, озат мектептер мен үздік мұғалімдер жайлы «Ұлт болашағының бастауы – мектеп, арқауы – кәсіподақ» тарихи-танымдық энциклопедиялық кітабын шығарды.  Арыс қалалық  және Төлеби аудандық кәсіподақ комитеттері де Тәуелсіздік мерекесіне орай білім беру мекемелерінің дамуы, үздік педагогтар жайлы кітаптарды дайындауда. Олар таяу уақытта жарық көретін болады. Тәуелсіздік мерекесіне байланысты алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы кәсіподақ активі хабардар етілді.

Тәуелсіздік мерекесіне байланысты облыстық «Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» байқауы ұйымдастырылып, «Мұғалімдер күні» мерекесінде қорытындысы шығарылады. Жеңімпаздарға байқауға белсенді қатысқандар үшін – бағалы сыйлықтар, дипломдар, Алғыс хаттар беріледі.

  1. Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Құрмет тақтасына» жаңа мерзімге енгізілетін кандидатуралар туралы облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Б.Қилыбай хабарлама жасады. Облыстық «Құрмет тақтасына» енгізілетін кандидатуралар талқыланып, бекітілді.
  2. Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуы жайлы Бәйдібек, Шардара, Қазығұрт аудандық кәсіподақ комитеттерінің жұмыстары туралы аудандық кәсіподақ комитеттерінің жетекшілері – С.Әмзеева, Ұ.Жұман және С.Мұсақұлов мәлімет берді.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаев басқарма мен облыстық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамоталарын Мақтаарал, Келес, Төлеби, Түлкібас, Шардара аудандық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары А.Жолдасовқа, Н.Артықовқа, Р.Сайлауұлына, Д.Әбішевке және Ұ.Жұманға тапсырды.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісін облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек қорытындылады.

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР