Балалар жылы қорытындыланды!

​       Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» ғимаратының үлкен залында «2022 жыл – Балалар жылын» қорытындылауға мақсатында өткізілген «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс шарасына қатыстым.

​        Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, басқарма басшысы Д.Болатханұлы, басқа да ұйымдардың басшылары, облыстың барлық аймақтарынан келген оқушылар мен ұстаздар қатысты.

​         Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев халықаралық және республикалық байқауларда облысымыз мен еліміздің намысын қорғап, жүлдегер атанған оқушыларды алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар ұсынды. Сондай-ақ, үздіктер қатарынан көрінген Түркістан қаласының оқушылар сарайына, Қазығұрт, Жетісай аудандарының адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне микроавтобус сыйласа, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне 5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.

​         Өнер майталмандары мен өнерпаз оқушылар қонақтарға әннен шашу шашып, би билеп, көтеріңкі көңіл сыйлады. Әсіресе әншілер Ә.Қалаубаева, М.Бақытжанқызы, А.Тұрғанбек кезекпен ән шырқап, көпшілікті тәнті етті.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Балалар жылы қорытындыланды! Балалар жылы қорытындыланды! Балалар жылы қорытындыланды! Балалар жылы қорытындыланды! Балалар жылы қорытындыланды!