БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
Мақтаарал ауданының білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 27 желтоқсан күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде жоғарғы жетістіктер мен толағай табыстарға кенелген кәсіподақ мүшелерін марапаттау рәсіміне арналған салтанатты шара өткізілді.
Мерекелік шараға аудандық ардагеркелер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Ердешов, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов, аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сәрсекбаев, Аманат партиясының Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов, бала бақша меңгерушілері мен қызметкерлері қатысты.
2023 жылдың қорытындысына сәйкес ұйымдастырылған іс-шара барысында бала бақша қызметкерлеріне «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбектің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісі, «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттары» табысталды.
Сонымен қатар Мақтаарал ауданының әкімі Б.Асановтың, аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сәрсекбаевтың, Аманат партиясының Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсеновтың, аудандық білім бөлімінің басшысы М.Серікбаевтың, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың марапаттары табысталды.
Салтанатты шараның соңы мерекелік концертпен жалғасын тауып, іс-шараға келген кәсіподақ мүшелері көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Барша марапат иелерін аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз.
Кәсіподақтың күші – бірлікте!
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.