БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.
2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялануына орай, сонымен қатар 2022 жылдың қорытындысына сәйкес мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлерін ынталандыру, көтермелеу мақсатында Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің бастамасымен, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 29 желтоқсан күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде толағай табыстарға кенелген білім саласының қызметкерлері марапатталды.
Мерекелік шағара Мақтаарал ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Ердешов, «AMANAT» паритясы Мақтаарал аудандық филиалының фракция жетекшісі М.Әжіқабылов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов қатысып, жиынға келген білім саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаевтың, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Сәрсеновтың және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың бірлескен алғыс хаттарын табыстады.
Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, келген қонақтар көтеріңкі көңіл күймен тарасты.
Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.