Баспасөз релизі
Баспасөз релизі
- жылғы 19 наурыз күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі өткізілді.
Кеңейтілген мәжіліске атқару комитетінің мүшелері және аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.
Кеңейтілген мәжілісті облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты атқарылатын іс-шаралар жоспары туралы.
2.«Үздік аудандық, қалалық кәсіподақ комитеті» облыстық байқауын өткізу туралы.
- Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті бірлесіп өткізетін «Үздік тәлімгер» облыстық байқауы туралы.
- Облыстық кәсіподақ комитетіне 2020 жылы кәсіподақ мүшелерінен түскен өтініштер, арыздар мен шағымдарды қарау қорытындылары туралы.
- Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ бірлескен Құрмет грамотасы туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуовтың, бас маман Л.И.Анның, бөлім басшысы Ғ.Ақбердиевтің хабарламалары тыңдалды.
2020 жылы облыстық, аудандық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің араласуымен жұмыстан заңсыз босатылған және босату алдындағы 53 білім қызметкерінің еңбек құқығы қорғалып, жұмысқа қайта алынды, 4137 қызметкердің 57 млн. теңгеге жуық жалақысы мен әлеуметтік жәрдемақыларын алуына ықпал етілді.
Сарыағаш, Мақтаарал, Отырар аудандық және Арыс, Кентау қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары Ә.Тастанбеков, А.Жолдасов, Е.Қасым, Ж.Мухаев, Т.Садуов қаралған мәселелер бойынша пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.
Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданып, тиісті іс-шаралар мен ережелер бекітілді.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек кәсіподақ активін және олар арқылы барлық кәсіподақ мүшелерін және білім саласы қызметкерлерін Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі