Баспасөз релизі
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық комитеті 2019 жылғы 30 қаңтар күні «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша «Дөңгелек үстел» өткізді.
«Дөңгелек үстелге» облыстық кәсіподақ ұйымы атқару комитетінің мүшелері, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, педагогтар және оқу орындарының оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Дөңгелек үстелді» облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы ашып, жүргізіп отырды.
Б.Еркінбек – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеу туралы Үкіметке тапсырма берді. Мұны білім саласы қызметкерлері үлкен қанағаттанарлықпен қабыл алды. «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы білім беру ұйымдары ұжымдарында, кәсіподақ жиналыстарында талқылынып, тиісті ұсыныстар айтылып, облыстық кәсіподақ комитетіне жіберілді. Облыстық кәсіподақ комитеті бізге түскен ұсыныстарды қорытып, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік Одағына жіберді, олар Заң жобасына енгізілді деп атап көрсетті.
Б.Еркінбек осыдан кейін «Дөңгелек үстелдің» мақсатына тоқталды. Ол – Заң жобасы бойынша қатысушылар пікірін тыңдау, педагог мәртебесін көтеру үшін кәсіподақ ұйымдары мен педагогтардың өздері қандай жұмыс жүргізуі керек, қандай іс-шараларды іске асырған жөн деген ұсыныстары мен ойларын тыңдау және жүзеге асыру үшін қандай жұмыстарды атқару керек екенін саралау.
Б.Еркінбек «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша қысқаша ақпарат беріп, қатысушыларды «Дөңгелек үстел» жұмысына белсенді қатысып, ойларын, ұсыныс-пікірлерін ортаға салуды сұрады.
«Дөңгелек үстелде» сөйлеушілер мен пікір айтушылар: Тастанбекова Б.– Ордабасы ауданы, М.Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты, Соловьева А.Р. – Қазақстанның Еңбек Ері, Шымкент қаласы № 1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі, биология ғылымдарының кандидаты, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Кенжебаева Г. – М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті, техника ғылымдарының кандидаты, Қойбекова Н. – Төлеби ауданы, «Қазақстан» ЖОМ мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Досанов Б. – Сарыағаш ауданы, № 10 Қ.Сатпаев атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі, Уразбекова А. – Түркістан қаласы, № 24 ЖОМ мұғалімі, Анарбаев Қ. – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, Тойчиева М. – Сайрам ауданы № 7 Бабыр атындағы ЖОМ мұғалімі, Рыстанбекова Ж.- Шымкент жол-көлік колледжі оқытушысы.
Дөңгелек үстелдің жұмысын Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б. Еркінбек қорытындылады: «Педагог мәртебесі туралы» Заң педагогтар үшін аса маңызды және қажетті заңнамалық құжат. Біз, білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы болғандықтан бұл заңнама бізге де өте құнды. Себебі біздің мақсатымыз бен жұмысымыздың ең негізгісі – білім саласы қызметкерлерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Алдағы уақытта «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданға дейін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Заңнаманы қолдау бойынша барлық деңгейдегі баспасөзге, электрондық сайттарға материал беріп отыру, облысқа келген Сенат және Парламент депутаттарымен кездесулер өткізіп, қолдау туралы өтініштерімізді жеткізуіміз керек.
Соның бірі және алғашқысы бүгінгі «Дөңгелек үстел» деп санаймын.
Ойларыңызды, пікірлеріңізді ортаға салғандарыңызға рахмет. Бұл туралы жоғары кәсіподақ органын хабардар етеміз, баспасөздерге ақпарат жібереміз.
Жалпы, бүгінгі бас қосуымыз өз мақсатына жетті деп ойлаймын.
Барлықтарыңызға үлкен рахмет.
Сделано в Alteman