Баспасөз қызметі.doc

Қоғамда болып жатқан барлық жағдайдан хабардар болып, Елде болып жатқан келелі мәселелерге шынайы араласып, жан – жүрегімен қолын ұсынатын тәуелсіз қоғамдық ұйым – білім кәсіподағы.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы Мұқашева Айгүл Мақсатқызы және осы саланың құқықтық жұмыстары жөніндегі маманы Қыдырбаева Райхан Мамашқызымен бірге іс сапармен Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Оқу әдістемелік орталығында» болып, комитеттің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Белсенді кәсіподақ мүшелерінің еңбегін бағалау мақсатында Түркістан қаласындағы Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдураимов Бахтияр Кахарұлына Мұқашева Айгүл Мақсатқызы «Ы.Алтынсарин» төс белгісін табыстады. Айгүл Мақсатқызы өз сөзінде: «Ұстаздардың мәртебесін қорғауда аянбай еңбек етіп, кәсіподақ мүшелеріне жаңа қабылданған Заңдарды, үкімет қабылдаған қаулыларды, шешімдерді дер кезінде ұстаздарға сауаттылықпен жеткізу, ғаламтор беттеріне жариялап белсенділік таныта білу ұстаздар үшін үлкен көмек. Кәсіподақтың барлық жетістіктерін, заңдылықтарын түсіндіруде өз сауаттылығын таныта білген Бахтияр Қахарұлының жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беруде де аянбай еңбек етіп жүргенін тілге тиек етті. Әрбір ұстаздың еңбегі бағалана беруіне салалық кәсіподақ қашанда ұйытқы болып, бақылаумен бірге басшылықты да күшейтетіндігін айтты».

Әріптесімізге тағылған төс белгі қалалық кәсіподақ комитеті үшін үлкен мақтаныш, зор сенім. Сеніміміз серік, бірлігіміз берік болсын, әріптестер!

 

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ

комитетінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі.doc Баспасөз қызметі.doc Баспасөз қызметі.doc Баспасөз қызметі.doc Баспасөз қызметі.doc Баспасөз қызметі.doc