БАСТАУЫШ ҰЙЫМ КӘСІПОДАҚ ТІРЕГІ
БАСТАУЫШ ҰЙЫМ КӘСІПОДАҚ ТІРЕГІ
12 қараша күні «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің филиалы- Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті №13 жалпы орта мектебінде комитетке қарасты 42 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларымен жиналыс өткізді. Жиналысты Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетнің төрайымы Ф. Рысбекова ашып, бүгінгі таңда атқарып жатқан және алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес Сауран ауданының «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» мен Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті арасындағы 2021—2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік жөніндегі екі жақты КЕЛІСІМ негізінде білім мекемелері ұжымдық шартқа тұру қажеттігі айтылды. Белсенді кәсіподақ төрағалары өз ой пікірлерін, ұсыныстарын ортаға салып тәжірибе бөлісті, сұрақтарына жауап алды. Кәсіподақ күші бірлікте, бірігіп көтерген жүк жеңіл демекші кәсіподақ өз мүшелерінің еңбек құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаруда. Алдағы уақытта осындай жиналыстар жалғасын табатын болады.
Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі