БАСШЫ КАДРЛАРҒА ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР БОЛЫП ӨТТІ

Түркістан облысының білім басқармасының Білім беруді дамыту орталығының бастамасымен және Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының қолдауымен 2025 жылғы наурыздың 20-сы күні Жетісай ауданындағы №76 жалпы білім беретін мектеп базасында басшы кадрларға резерв дайындау мақсатындағы дәстүрлі тәжірибелік семинар болып өтті. «Педагогтердің ғылыми-әдістемелік құзыреттілігін дамыту бойынша мұғалімдердің командалық жұмысы» тақырыбындағы бұл семинар орталықтың жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Семинар барысында баяндамашылар ретінде №76 ЖББМ КММ директоры Әлімқұл Әнетбек Өтеуліұлы, директордың орынбасары Тынгозиев Жупарбек Айтмурзаевич, С. Ерубаев атындағы №56 ЖББ мектеп директоры Баян Бақытқызы, Қ. А. Яссауи атындағы №22 ЖББ мектеп директоры Бауыржан Әбдізәкірұлы, Ғ. Мұратбаев атындағы №61 ЖББ мектеп директоры Исабек Данабекұлы сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті
Іс-шара барысында облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгері Ғ.Ақбердиев «Қолданыстағы еңбек заңнамасының негіздері» тақырыбында баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.