Бақытты бала шақтан болашаққа
Бақытты бала шақтан болашаққа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2022 жылы елімізде «Балалар жылы» деп жариялағандығы бәрімізге де белгілі. Балалар – біздің тәуелсіз мемлекетіміздің жарқын болашағы! Балаларға еркеше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты шағы – бізідң жалпыұлттық міндетіміз.
Бүгін, яғни 1 маусым – балалар күні мерекесіне орай «Мынжылқы» мәдениет сарайында аудан мектептерінің оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Балалар жылына» байланысты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Мәдениет сарайының 1- қабатында оқушылар шығармашылығына арналған 5-бағыттағы көрме ұйымдастырылды. Сахна төрінде ән шырқалып, мың бұралған бишілер өз өнерлерімен жиналған қауымды өздеріне баурап алды.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлы қатысып, балалар мерекесімен құттықтай отырып, ең басты міндеттеріміздің бірі – оқушының білім алуы мен дамып-өсуіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау екендігін ерекше атап өтсе, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еспенбетов Қабылбек Амалбекұлы бата тілектерін білдірсе, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Айдаров Нұрәлі Тұрдыұлы, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қасым Манас Сейдахметұлы ауданымыздағы білім саласындағы тың өзгерістермен, алға қойған биік мақсаттарымен таныстырып өтті.
Балалардың шаттық мерекесі мен думанды сәттері, ел болашағы балаларды мәдени, рухани тұрғыда қолдау шаралары алдағы уақытта да аудан білім және тәрбие беру ұйымдарында жалғасын табатын болады. Елімізде басталған «Балалар жылында», ел келешегі –балаларымыздың бақытты да алаңсыз өмір сүруіне, дамып өсуіне еселі еңбегімізді арнауымыз қажеттілігі үнемі назарымызда болу керек!
Созақ аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.