Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі

 

Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі

 

2021 жылғы 26 қараша күні  «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыстық кәсіподақ комитетінің әдістемелік кабинетінде бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен семинар өткізілді.

Семинарға облыстық кәсіподақ комитетіне тікелей қарасты бала-бақшалар мен әдістемелік орталық және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.

Семинарды облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов ашып, семинардың бағдарламасымен таныстырды.

Семинарға қатысушы кәсіподақ активіне облыстық кәсіподақ комитетінің еліміз Тәуелсіздігі жылдарындағы қызметі туралы 20 минуттық бейнеролик көрсетілді.

Облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Д.Мұхтаров                       Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы хабарлама жасады.

Кәсіподақ комитеттері қызметінің негізгі бағыттары. Бастауыш кәсіподақ ұйымдарында іс қағаздарды жүргізу жайлы  облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов баяндады.

Ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құрал. Ұжымдық шарттың мазмұны және оның орындалуын бақылау.     Еңбек шарты. Қызметкерлерді жұмыстан босатуды дұрыс рәсімдеудің жалпы қағидалары. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын тоқтату тәртібі. Саладағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылу деректері және оны ретке келтіру жолдары жайлы облыстық кәсіподақ комитетінің бөлім басшысы – заңгер Ғ.Ақбердиев түсіндірме жасады, сұрақтарға жауап берді.

Семинар қатысушыларына бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында облыстық кәсіподақ комитеті арнайы әзірлеген методикалық нұсқаулықтар таратылды.

Семинарға қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ұсыныстары мен пікірлерін айтты. Сұрақ-жауаптар өткізілді.

Кәсіподақ оқуын жақсарту мақсатында айтылған ұсыныс, пікірлер облыстық кәсіподақ комитеті тарапынан бақылауға алынды. Семинарға қатысушылар осындай семинарларды алдағы кезде жиірек, озат кәсіподақ ұйымдары негізінде  ұйымдастыруды ұсынды.

Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов семинарға қатысушыларды  ҚР Тұңғыш Президенті күнімен және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл жылдығымен құттықтап, озат кәсіподақ комитеті төрағаларына Құрмет грамоталарын, бағалы сыйлықтарды тапсырды, семинар жұмысын қорытындылады.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі Белсенді оқыту – кәсіподақ жұмысының тиімділігі