БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ
«БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ»
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің «10-маусым Қазақстандық кәсіподақтар күніне» мұғалімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спартакиада ұйымдастырды. Спартакиада 2018 жылдың 30 мамыр күні Ленгір қаласындағы №2, №4 және №7 мектептердің спорт базасында өткізілді. Ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, аудандық білім бөлімінің бас маманы Қырбасов Нұрлан, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қурманалиев Мадияр ағаларымыз сөз алды. Сөзінде жарысқа қатысушыларға саттілік тілеп, спорттың адам өміріне пайдасы зор екендігін, сондай-ақ ұйымдастырған кәсіподақ комитетіне алғыстарын білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. Аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы сөз алып, спартакиада мұғалімдер арасында волейбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел тенисі, арқан тартыс, кіші футбол спорт түрлерінен өтетіндігін және алқа мүшелерін таныстырды.
Мектеп қабырғаларында «10 маусым Қазақстандық кәсіподақтар күні»
деген көрнекіліктер ілініп, саз әуендері ойнап тұрды.
Спартакиаданың жабылу салтанатында аудандық маслихат хатшысының міндетін атқарушы Құлманов Сайлау ағамыз сөз алып, жарыстың тартысты, қызықты ойындар болғанын, алқа мүшелерінің әділ бағалағанын атап айтты. Жарыс соңында жеңген командалар марапатталып, сыйақылар алды. Мерекеміз жылдан жылға жақсы деңгейде өте берсін деген жақсы тілектер айтылды.