Бес жылға есеп берілді!
2023 жылғы 14 желтоқсан күні аудандық Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының XVII есеп беру және қайта сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 52 делегаттың 51 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров және басқа да шақырылғандар қатысты. Конференция жұмысын Созақ ауандық кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Қасым ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.
Төраға М.Қасымның Созақ аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрайымы М.Тілеумбетованың есебі тыңдалды.
Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.
Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер Н.Айдаров – аудандық білім бөлімінің басшысы, Г.Нуриддинова – «Созақ» мектеп гимназиясының БКҰ-ның төрағасы, С.Бегманұлы – Қ.Рүстемов атындағы ЖББМ директоры, Ұ.Сағындықова – «Айшуақ» бөбекжай балабақшасының БКҰ-ның төрайымы есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы баяндамалар бойынша өзінің ой пікірлерін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Қасым Манас Сейдахметұлы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері республикалық «ӨРЛЕУ» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.