Бес жылға есеп берілді.
2023 жылғы 19 желтоқсан күні Бәйдібек аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және қайта сайлау ХХІІ конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 42 делегаттың 42 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Б.Еркінбек, аудандық білім бөлімінің бас маманы А.Қалаубай және басқа да шақырылғандар қатысты.
Конференция жұмысын Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Әмзеева ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.
Бәйдібек аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Әмзееваның кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрағасы Б.Кәрібаеваның есебі тыңдалды.
Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.
Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер Г.Әсілбаева – “Шаян” МЛ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, А. Есімханов – С.Ерубаев атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, А.Кемелбекова – М.Әуезов атындағы ІТ-МЛ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, Е.Битанова – С.Сейфуллин атындағы БМ мандат комиссиясының төрағасы есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.
Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Б.Еркінбек баяндамалар бойынша өзінің ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы делегаттарды хабардар етті.
Күн тәртібіне сәйкес қалалық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Әмзеева Сұнқар Мамырханқызы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері Түркістан облысы әкімінің Құрмет грамотасы, республикалық «ӨРЛЕУ» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.