Бес жылға есеп берілді.

2023 жылғы 19 желтоқсан күні Кентау қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және қайта сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 60 делегаттың 57 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, аудандық білім бөлімінің маманы Х.Жайықбаева, Кентау қаласы білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әбдірахманов және басқа да шақырылғандар қатысты. Конференция жұмысын Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Садуов ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.
Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Садуовтың кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрағасы С.Қыдырбаевтың есебі тыңдалды.
Баяндамада есепті кезеңде қалалық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.
Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер С.Ташпулатов – №17 А.Навои атындағы ЖОМ директоры, К. Әбдірахманова – балабақша меңгерушісі, мектептен тыс мекемелер атынан – М.Шамекенова есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.
Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов баяндамалар бойынша өзінің ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы делегаттарды хабардар етті.
Күн тәртібіне сәйкес қалалық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Қалалық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Садуов Талғат Нұралыұлы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері республикалық «ӨРЛЕУ» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді.