Бес жылға есеп берілді

2023 жылғы 21 желтоқсан күні Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және қайта сайлау ХVІІ конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 70 делегаттың 62 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасы Б.Еркінбек, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Тойлыбаев, Төлеби ауданы білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахтаев және басқа да шақырылғандар қатысты. Конференция жұмысын Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғ.Мырзалы ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ғ.Мырзалы кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Құралбаевтың есебі тыңдалды.

Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.

Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер Б.Тойлыбаев– Білім бөлімі басшысы, Төлеби ауданы білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахтаев, Т.Алиев – Сұлтан рабат ЖББМ мұғалімі, С.Қуанышбаев – Әңгірата ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.

Облыстық кәсіподақ ұйымы төрағасы Б.Еркінбек баяндамалар бойынша өзінің ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы делегаттарды хабардар етті.

Күн тәртібіне сәйкес қалалық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Мырзалы Ғалымжан Алтынбайұлы қайта сайланды.

Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бес жылға есеп берілді Бес жылға есеп берілді Бес жылға есеп берілді Бес жылға есеп берілді Бес жылға есеп берілді Бес жылға есеп берілді Бес жылға есеп берілді Бес жылға есеп берілді