Бес жылға есеп берілді.

2023 жылғы 22 желтоқсан күні Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және қайта сайлау ІІ конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 83 делегаттың 75 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Б.Еркінбек, аудандық білім бөлімінің маманы А.Қошқаров, аудандық мәслихаттың төрағасы Қ.Сәрсекбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы М.Оспанов және басқа да шақырылғандар қатысты. Конференция жұмысын Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрағасы Ұ.Бердышевтың есебі тыңдалды.

Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.

Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер А.Аяпов – Мақтаарал мектеп-гимназиясы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Қ.Игенбаева – С.Датұлы атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, А.Ахментаева – Үлгілі ЖББМ директоры есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.

Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Б.Еркінбек баяндамалар бойынша өзінің ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы делегаттарды хабардар етті.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Жолдасов Алданияз Бастарұлы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері республикалық «ӨРЛЕУ» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді. Бес жылға есеп берілді.