Бес жылға есеп берілді
2023 жылғы 22 желтоқсан күні Жетісай аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының есеп беру және қайта сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 102 делегаттың 98 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы, аудандық білім бөлімінің маманы Кадырбаев Жандос Маханбеткалиевич және басқа да шақырылған қонақтар қатысты. Конференция жұмысын Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Спарханов Мухамеджан Сапаркулович ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Спарханов Мухамеджан Сапаркулович кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрағасы Ибрайев Куаныш Маженович есебі тыңдалды.
Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.
Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер Мусабекова Роза Курбановна – М.Горький атындағы МГ директоры, Сәдібеков Бауыржан – Қожанов атындағы ЖББ мектебінің БКҰ төрағасы, Оралбаев Куламан Орынбасарович – Ә.Молдағұлова атындағы ЖББ мектебінің БКҰ төрағасы жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.
Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы баяндамалар бойынша өзінің ой-пікірін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы делегаттарды хабардар етті.
Күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Спарханов Мухамеджан Сапаркулович қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.
Конференция соңында үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері республикалық «ӨРЛЕУ» білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» медалі, облыстық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен марапатталды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.