Бес жылға есеп берілді!

Ордабасы аудандық кәсіподақ ұйымының ХVIII есеп беру және қайта сайлау конференциясы өтті.

2023 жылғы 29 қараша күні аудандық Мәдениет үйінде Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының XVIII есеп беру және қайта сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға өкілеттік нормасына сәйкес сайланған 124 делегаттың 102 қатысты. Іс шараға Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, аудан әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, аудандық білім бөлімінің өкілі М.Молдабаев, ардагер ұстаз З.Маханова және құрметті қонақ ретінде шақырылған қоғамдық ұйымдар мен білім саласының ардагерлері қатысты. Конференция жұмысын Ордабасы ауандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Төлебаев ашып, делегаттардың жалпы дауысымен күн тәртібі бекітілді.

Төраға Қ.Төлебаевтың Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің 2019-2023 жылдардағы атқарған жұмысы туралы есепті баяндамасы мен тексеру комиссиясының төрайымы Ж.Қалымбетованың есебі тыңдалды.

Баяндамада есепті кезеңде аудандық кәсіподақ комитеті құрылымының нығаюы, әлеуметтік әріптестікті дамыту жөнінде атқарылған жұмыстар, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша атқарылған шаралар, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жасау және оның нәтижелері, кәсіподақ мүшелерін сауықтыру, бұқаралық спорт және мәдени іс-шаралар жайлы ақпарат және мәліметтер айтылып, кемшіліктерді болдырмау, алда атқарылатын шаралар, кәсіподақ мүшелері тарапынан айтылған сын ескертпелерді орындау мәселелері қозғалды.

Баяндамаларды талқылау бойынша жарыссөзде сөйлегендер Е.Рүстенбек – Қарақұм мектебінің БКҰ төрағасы, Ж. Жахан- Нұрлыбеков атындағы мектептің БКҰ-ның төрағасы есепті жылдарда атқарылған жұмыстарға қанағаттандырарлық деген баға беріп, алдағы уақытта кәсіподақ комитетінің жұмысына табыстар тіледі.

Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейтжаппарұлы баяндамалар бойынша өзінің ой пікірлерін білдіріп, алда тұрған міндеттер және облыстық кәсіподақ комитетінің қызметі туралы конференция делегаттарын хабардар етті.

Күн тәртібіне сәйкес аудандық кәсіподақ комитетінің комитет мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері мен төрағасы және облыстық конференцияға делегаттар сайланды. Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Төлебаев Қайрат Асылбекұлы қайта сайланды. Конференцияның күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылданды.

Конференция соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің “ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ” медалімен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Тулебаев Қайрат Асылбекович, үздік бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен үздік кәсіподақ жетекшілері облыстық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің Алғыс хаттары, Құрмет грамоталарымен және облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен, аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің бірлескен марапатымен марапатталды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Бес жылға есеп берілді! Бес жылға есеп берілді! Бес жылға есеп берілді! Бес жылға есеп берілді! Бес жылға есеп берілді! Бес жылға есеп берілді! Бес жылға есеп берілді!