БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді

Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті 30 қараша 2022 жыл күні №10 Сәтпаев атындағы мектеп-гимназия интернатында Семинар -Кеңес өткізді. Семинар-Кеңеске жалпы орта, негізгі орта мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары шақырылды.

Семинардың күн тәртібінде:

  1. 2023-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шартты қабылдауға байланысты

атқарылатын жұмыстар туралы.

2) “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2022” аудандық байқауының қорытындысы.

3) Түрлі мәселелерді қарау жоспарланып талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларына алдағы уақытта 2023-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шартты қабылдауға байланысты құжаттары туралы, Ұжымдық шарт жасасу бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық келіссөздерге дайындық, келіссөздер жүргізу бойынша комиссия құру, Ұжымдық шарттың жобасын дайындау және ұжымдық шартты тіркеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Соңынан БКҰ төрағаларының түрлі сұрақтарына жауап берді.

Ал, “Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы – 2022” аудандық байқауының қорытындысы бойынша 15 бастауыш кәсіподақ ұйымы қаржылай марапатталды.

І орын №44 Мұстафин ат.жом. БКҰ төрайымы Б.Қалыбаева, аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы, вымпел және 75 000 теңге қаржылай сыйлықпен

ІІ орын №16 Панфилов ат.жом. БКҰ төрайымы Г.Құралова Құрмет грамотасымен және 50 000 теңге қаржылай сыйлықпен,

ІІ орын №29 Ұлықбек ат.жом. БКҰ төрағасы Н.Айтубаев Құрмет грамотасымен және 50 000 теңге қаржылай сыйлықпен,

ІІІ орын №72 жалпы орта мектебінің БКҰ төрағасы Е.Кулбаев Құрмет грамотасымен және 30 000 теңге қаржылай сыйлықпен,

ІІІ орын №3 Ломоносов ат.жом. БКҰ төрайымы К.Бегманова және

ІІІ орынды Окороков атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Орымбаева Жамиля апайлар иеленіп аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасымен және 30 000 теңге қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Белсене қатысқан тоғыз бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төраға-төрайымдары ынталандыру мақсатында 20-25 мың теңге мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марпатталды.

Семинардың соңында түрлі мәселелер талқыланып, ҚР Еңбек кодексі бойынша және бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы т.б. көптеген сұрақтарға жауап берілді. Фото суреттер видео роликтер түсіріліп, Семинардан төрағалар көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді БКҰ-ның төрағаларымен, аудандық Семинар-кеңесін өткізді