БКҰ төрағаларымен кездесу
Түркістан облысы Білім және ғылым қызметкерлері облыстық жергілікті кәсіподақ комитетінің филиялы-Түлкібас аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Даулен Абишев, кеңесші Ануар Полатбеков және комитет мүшелерінің қатысуымен аудандық барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тікелей кездесулер өткізілді.Кездесудің басты мақсаты-бастауыш кәсіподақ ұйымдарының рөлін күшейту, озық тәжірибелерді біріктіру, әлеуметтік әріптестік тұрғыда мекеме басшыларымен түзілген “Келісім”, “Ұжымдық шарт” тараптарының орындалуы, заңнамалық құжаттар бойынша түсініктемелер беру, және сала қызметкерлерін толғандырған сұрақтарға жауап беру болатын. Кездесу бойынша өткізілетін іс-шараға ауданның 10 қоғамдық бірлестігінің барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, тексеру комиссиясының төрағалары мен мүшелері қатысты.
Кездесу барысында кәсіподақ ұйымдарында мұғалімдер мен жұмысшы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының жақсаруына, құқы мен техникалық қауіпсіздігінің сақталуына әр кез көмек беріп, қолдау көрсетіп отыру кәсіподақтың негізі қызметі екендігі ” “Кәсіподақтар туралы” заңда көрсетілгендей, түсіндіру жүргізілді.
Сонымен қатар еңбек адамының денсаулығына қамқорлық жасау кәсіподақтың назарынан тыс қалмауы да айтылып өтіліп, биылғы жылы емделуге 143 жолдама бөлінгендігі туралы хабардар етілді.Кездесуге кәсіподақ мүшелерінің еңбектерін бағалау және ынталандыру мақсатында мемлекеттік және кәсіптік мерекелерге байланысты, “Құрмет грамотасы” “Алғыс хат” “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер” белгісі медалімен марапаттауға ұсыныстарды уақтылы жасап отыру тапсырылды.
Әрбір кездесу ашық пікір алысу, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының пікірлерін тыңдау және заңнамалық құжаттар бойынша нақты түсініктемелер беру арқылы өткізілді.
Кездесулер барысында еңбек жағдайлары және білім саласы қызметкерлерін толғандыратын басқада сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, отырылды.
Мұндай кездесудің аудандық кәсіподақ комитетінің өз жұмысын жаңа талапқа сай түзетуге септігін тигізгені анықталып, әлеуметтік әріптестік жүйесін одан әрі дамытуға, оның әсер ету тиімділігін арттыру міндетін әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымына жеткізу, қолдау көрсету, қажеттілігін атап өтуге болады. Өткізілген іс-шараларда айтылған пікірлер мен қойылған сұрақтар және ұсыныстар мен тапсырмалар бойынша Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Даулен Әбишев қортындылап отырды.