Бокстан турнир
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық спорт мектебі, №9 Айзере орта мектебі ұйымдастыруымен бокстан 2010-2011, 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және еңбек ардагері Нұрлыбай Кенжебайұлын еске алуға арналған І-ші облыстық ашық турнирі болып өтті. Турнирге Жетісай ауданы, Келес ауданы, Сайрам ауданы, Шымкент қаласы, Төлеби ауданынан спортшылар бақтарын сынады.
Жеңіске жеткен және жүлделі орындарға ие болған спортшыларға мақтау қағазы мен аудандық кәсіподақ комитетінің арнайы сыйлықтары табыс етілді.