Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы

Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің демеушілігімен аудандық Мәдениет үйінде «2022 жылғы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы» болып өтті.
Білім беру саласында үздік нәтижеге қол жеткізген, сапалы білім, саналы тәрбие беріп, шәкірттері байқауларда жүлдегер атанған ұстаздарды аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған төсбелгі, аудан әкімінің “Алғыс хаты”, аудандық мәслихаттың Грамотасымен марапаттады. Салтанатты жиынға қатысқан аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекайдар Тойлыбаев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Раджу Сайлауұлы білім саласының ең үздік қызметкерлеріне марапаттарын, сертификаттары мен ақшалай сыйлықтарын табыстады. Мерекелік іс-шара концертке ұласып, өнері өрге жүзген талант иелері әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.

Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы Тұғыры биік Төлебидің білім саласының қорытынды іс-шарасы

БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.

2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялануына орай, сонымен қатар 2022 жылдың қорытындысына сәйкес мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлерін ынталандыру, көтермелеу мақсатында Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің бастамасымен, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 29 желтоқсан күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде толағай табыстарға кенелген білім саласының қызметкерлері марапатталды.

Мерекелік шағара Мақтаарал ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оңғаров, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Ердешов, «AMANAT» паритясы Мақтаарал аудандық филиалының фракция жетекшісі М.Әжіқабылов, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев, аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов қатысып, жиынға келген білім саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, аудандық мәслихаттың хатшысы Қ.Сәрсекбаевтың, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының атқарушы хатшысы М.Сәрсеновтың және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы М.Серікбаев пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың бірлескен алғыс хаттарын табыстады.

Мерекелік шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, келген қонақтар көтеріңкі көңіл күймен тарасты.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.

Үздіктер марапатталды!

Бүгін Түркістан облысында өңіріміздің қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене атсалысып жүрген азаматтарды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбетәлиев “Белсенді қызметі үшін” төсбелгісімен және “Құрмет” грамотасымен марапаттады. Олардың қатарында білім саласында еңбек етіп жүрген өкілдер де бар. Атап айтқанда, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлына, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, Төлеби ауданының құрметті азаматы Раджу Сайлауұлына және Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы Жолдасов Алданияз Бастарұлына «AMANAT» партиясының төрағасы Е.Қошановтың атынан берілген партияның ең жоғарғы төсбелгісі табысталды. Жыл соңында марапатқа ие болу – атқарған жұмыстардың жемісі деп білеміз.

«Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз мен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат» – деп мемлекет басшысы Қ-Ж.Тоқаев айтқандай, ел игілігі жолында атқарар істер әлі алда.

Барлық марапат иелерін құттықтаймыз.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Үздіктер марапатталды! Үздіктер марапатталды! Үздіктер марапатталды! Үздіктер марапатталды! Үздіктер марапатталды! Үздіктер марапатталды!

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынысына сәйкес 29 желтоқсан күні білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздар марапатталды.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының алғыс хатымен – №50 «Үлгілі» жалпы орта мектебінің директоры А.Ахментаева, №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының директоры Д.Дошманов, С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Игенбаева марапатталды.
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиевтың марапатымен – И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Г.Маханбетова марапатталды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаевтың алғыс хатымен – №50 «Үлгілі» жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Жунисов марапатталды. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.

Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы

Түркістан облыстық кәсіподақ комитеті Балалар жылына орай қайырымдылық шарасын өткізді.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ-Ж. Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, олардың келешегі  үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады. Осы орайда ел аумағында Балалар жылы аясында көптеген маңызы бар іс-шаралар өткізілді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Балалар жылына  байланысты жыл басынан бері бірнеше іс-шара өткізді. 2022 жылғы 27 желтоқсан күні Төлеби ауданындағы  № 4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының (жүру-қозғалу қабілеті нашар балалар) тәрбиеленушілерін Жаңа жыл мерекесімен арнайы құттықтау жасады.

Облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары А.Абуов, Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Р.Сайлауұлы орталық тәрбиеленушілеріне облыстық кәсіподақ комитетінің арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады, балаларды мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ерекше көңіл бөлу оларды жігерлендіріп, үлкен қуанышқа бөледі.

Орталық директоры Л.Есназарова балаларға арнайы көңіл бөліп, құттықтап келген облыстық кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары мен қызметкерлеріне, Төлеби аудандық кәсіподақ  комитетінің төрағасына  ризалығын білдірді.

Облыстық кәсіподақ комитеті қашан да мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге, әлеуметтік аз қамтылған балаларға қолдау көрсету, оларды әлеуметтік қорғау жұмыстарына үнемі көңіл бөліп  келеді.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы Балалар жылына орай қайырымдылық шарасы

Мерекелік іс шара

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 31- жыл толуына орай Түлкібас аудандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасы Дәулен Әбішев мерекелік мәжілісте аудан ұстаздарын Ұлы дала елінің ұлық мерекесі Қазақстан Республикасының 31- жылдығымен құттықтап, ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға қол  жеткізгендігін атап өтті.

Мәжілісте Тәуелсіздік мерекесіне орай Аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты бірқатар мектеп басшыларымен ұстаздарын “Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін” Төс белгісімен  марапаттады. Облыстық Білім және ғылым қызметкері кәсіподақ комитетінің төрағасы Бахыт Еркінбек  Сейітжаппарұлы Алғыс хаты мен Құрмет грамотасы он екі ұстазға берілді. Аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының атынан Алғыс хаттар мен марапатталды.

Сөз соңында АКК-нің төрағасы ұстаздарды марапаттарымен құттықтап , ” Жаңа Қазақстан ” туралы әңгіме өрбітті.

Алдағы уақытта жасұрпақты тәрбиелеп оқыту бағытында бірігіп жұмыс жасауға шақырды.

 

Түлкібас аудандық кәсіподақ комитінің баспасөз қызметі.

Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара Мерекелік іс шара

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Жетісай ауданында білім саласы жыл қорытындысына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік жиынға Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы, Жетісай ауданының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының маманы Сакен Нұрлыбайұлы, Жетісай ауданы” Amanat” партиясының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов, мәслихат депутаттары, оқу орындарының басшылары мен мектеп мұғалімдері қатысты.

Мерекелік жиын барысында өз саласында оза шапқан 100-ден астам мұғалімдерге арнайы алғыс хаттар табысталып, соның ішінде үздіктерге, педагог мәртебесін көтеріп, ынталандыру мақсатында кәсіподақ ұйымы тарапынан ақшалай сертификаттар берілді.

«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Еркінбек осы іс-шараға Жетісай ауданының ұстаздарын жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі белсенді еңбегі және сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудағы қызметі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» белгісімен, Құрмет Грамоталармен, Алғыс хаттармен марапаттауларын жолдады.

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Әлібекқызы және кәсіподақ ұйымының маманы Сакен Нұрлыбайұлы төмендегі жыл үздіктеріне арнайы Алғыс хаттармен қоса қаржылай сертификаттар табыс етті.

  1. Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимназиясына “Үздік мектеп” 100 000 теңге сертификаты мектеп директоры Қозыбақ Өмірхан Жүндібайұлына берілді.
  2. №58 жалпы орта мектебінің директоры “Үздік мектеп директоры” .Алиева Рабиға Ержановнаға 50 000 теңге сертификаты;
  3. №10 “Қайнар” мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы, Тыңғозиев Жұпарбек Айтмұрзаұлы “Үздік кәсіподақ жетекшісі” 50 000 теңге сертификаты табысталды.
  4. Д.Қонаев атындағы №9 ІТ лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанаева Ақмарал Базарбаевнаға “Үздік оқу ісі орынбасары” 50 000 теңге сертификаты;
  5. М.Горький атындағы №1 мектеп-гимназиясы Абилдаева Гулнар Ахметовнаға “Үздік тәрбие ісі орынбасары” 50 000 теңге сертификаты;
  6. “Тұран” №7 мектеп-гимназиясының директордың бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары Аралбаев Табиғат Маратұлына “Үздік бейіндік оқу ісі жөніндегі орынбасары” 50 000 теңге сертификаты;
  7. Жетісай ауданынның әдістемелік кабинет әдіскері Қарсыбаева Айгул Тулегеновна “Үздік әдіскер” 50 000 теңге сертификаты;
  8. Қ.Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Керимбекова Гулмира Калдыбековнаға “Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  9. Ш.Уалиханов атындағы №2 жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Дүйсенбиева Кулсия Асиловнаға “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  10. №7 “Тұран” мектеп-гимназиясының орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимбекова Ұлжан Кеттешқызы “Үздік орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  11. А.Рудаки атындағы №23 жалпы орта мектебінің тәжік тілі мен әдебиеті мұғалімі Хамдамов Бабур Бабамуратұлына “Үздік тәжік тілі мен әдебиеті пән мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  12. А.Жами атындағы №24 жалпы орта мектебінің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ниязов Мавжуда Бердиевнаға “Үздік өзбек тілі мен әдебиеті пән мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  13. Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі ағылшын тілі пәні мұғалімі Ахметова Гулнара Ибрагимнаға “Үздік ағылшын тілі мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  14. №43 “Қызыл-таң” жалпы орта мектебі Абдіқадіров Бақдаулет Көшербайұлына “Үздік математик” 20 000 теңге сертификаты;
  15. №62 “Кенесарыхан” атындағы жалпы орта мектеп физика пәнінің мұғалімі Бакиров Ғалымжан Амангельдиевичке”Үздік физик” 20 000 теңге сертификаты;
  16. Жұмакүл Сауырбаева атындағы №16 жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Муталханова Гаухар Ералиевнаға “Үздік информатик” 20 000 теңге сертификаты;
  17. Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Манапбек Сүндетғали Серікбекұлына, “Үздік химик” 20 000 теңге сертификаты;
  18. Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп-гимнасының биология пәнінің мұғалімі Бердишева Ұлжалғас Тогаевнаға, “Үздік биолог” 20 000 теңге сертификаты;
  19. №50 Р.Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Абдыхадыров Шоқан Жұмаханұлына “Үздік географ” 20 000 теңге сертификаты;
  20. №10 Қайнар мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Насимов Досымхан Каскарбековичке “Үздік тарихшы” 20 000 теңге сертификаты;
  21. С.Сейфуллин атындағы №29 жалпы орта мектебінің АӘ және ТД оқытушысы Құлбатыров Есболға “Үздік АӘжТД оқытушысы” 20 000 теңге сертификаты;
  22. “Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің” дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Сапарбаев Мадижанға “Үздік денешынықтырушы пәнінің мұғалімі”, 20 000 теңге сертификаты;
  23. Музыка пәнінің мұғалімі Акылов Кенжехан, “Үздік музыка пәнінің мұғалімі” 20 000 теңге сертификаты;
  24. С.Сейфуллин атындағы №52 жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Тулебаева Улжамал Құдайбергеновнаға “Үздік кітапханашы” 20 000 теңге сертификаты;
  25. №11 “Жеңіс” мектеп-гимназиясының педагог-психологы Бижигитова Жибек Айтбаевнаға “Үздік психолог”, 20 000 теңге сертификаты;
  26. Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебінің тәлімгері Ләззат Сламханқызы Төлемисоваға , “Үздік тәлімгер”, 20 000 теңге сертификаты;
  27. №25 жалпы орта мектебі әлеуметтік педагогы Сарайбаева Райхан Бердибековнаға “Үздік әлеуметтік педагог”, 20 000 теңге сертификаты;
  28. Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі “Бүлдіршін” бөбекжай балабақшасы, “Үздік балабақша”, 50 000 теңге, сертификаты;
  29. “Алпамыс батыр” бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Алмағамбетова Хатира Арубайқызы, “Үздік меңгеруші”, 20 000 теңге сертификаты;
  30. “Мерей” бөбекжай балабақшасының әдіскері Алпысова Бибайша Аташбековнаға, “Үздік балабақша әдіскері”, 20 000 теңге сертификаты;
  31. “Наурыз” бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі Қаратаева Гулшат Аязбековнаға, “Үздік тәрбиеші”, 20 000 теңге сертификаты;
  32. М.Шоқай атындағы №26 жалпы орта мектебінің қосымша білім беру педагогы Джанкулова Зина Бейсенбайқызына “Жылдың үздік қосымша білім беру педагогы”, 20 000 теңге сертификаты;
  33. М.Жұмабаев атындағы №15 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Пазылбекова Жанар Амантаевнаға, “Үздік көркем еңбек пәні мұғалімі”, 20 000 теңге сертификаты;
  34. Н.Оңдасынов атындағы №14 жалпы орта мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Аблазов Серикбай Жұмабекұлы, “Үздік кесіндемеші”, 20 000 теңге сертификаты;
  35. Т.Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Елмуратов Бауыржан Ильясовичке, “Үздік денешынықтырушы”, 20 000 теңге сертификаты;

Бөлім басшысының міндетін атқарушы Ғазиза Әлібекқызы ұстаздарға сәттілік тілеп, алғыс айта отырып, бұл форматтағы іс – шаралар жалғасын табатындығын айтты.

 

Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Балалар жылы қорытындыланды!

​       Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» ғимаратының үлкен залында «2022 жыл – Балалар жылын» қорытындылауға мақсатында өткізілген «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс шарасына қатыстым.

​        Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, басқарма басшысы Д.Болатханұлы, басқа да ұйымдардың басшылары, облыстың барлық аймақтарынан келген оқушылар мен ұстаздар қатысты.

​         Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев халықаралық және республикалық байқауларда облысымыз мен еліміздің намысын қорғап, жүлдегер атанған оқушыларды алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар ұсынды. Сондай-ақ, үздіктер қатарынан көрінген Түркістан қаласының оқушылар сарайына, Қазығұрт, Жетісай аудандарының адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне микроавтобус сыйласа, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне 5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.

​         Өнер майталмандары мен өнерпаз оқушылар қонақтарға әннен шашу шашып, би билеп, көтеріңкі көңіл сыйлады. Әсіресе әншілер Ә.Қалаубаева, М.Бақытжанқызы, А.Тұрғанбек кезекпен ән шырқап, көпшілікті тәнті етті.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Балалар жылы қорытындыланды! Балалар жылы қорытындыланды! Балалар жылы қорытындыланды! Балалар жылы қорытындыланды! Балалар жылы қорытындыланды!

Өнерлі ұстаз марапатталды

Шардара ауданындағы Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі, суретші – ұстаз, қылқалам шебері Айдарбеков Темірәлі Өсерұлы бүкіл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған дара тұлға. Оның қолынан шыққан талай картиналары елдің назарына ілігіп, түрлі байқауларда жеңімпаз болып табылған. Өзі тәрбиелеген шәкірттері де құр алақан емес.

Бүгін өнер иесі өзінің кезекті көрмесін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» ғимаратының кіре берісінде «2022 жыл – Балалар жылын» қорытындылауға мақсатында өткізілген «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс шарасында көпшілікке ұсынды. Ел игілігі жолында өз өнерін көпшілікке паш етіп, саналы да өнерлі ұрпақ тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаз Т.Айдарбеков облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгісімен марапатталды. Марапатты облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек табыс етіп, өнер иесіне шығармашылық жетістіктер тіледі.

 

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Өнерлі ұстаз марапатталды Өнерлі ұстаз марапатталды

«Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы

21.12.2022 жылы Түркістан қаласы мәдениет басқармасының «Ulu Dala Eli» орталығында «Облыстық жас туристер станциясы» КММ ұйымдастыруымен «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді.

Форумға білім саласының қызметкерлері, ата-аналар, Облыстық жас туристер станциясының директоры С.Өмірбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы Ә.Биболова, облыстық ата-аналар ұйымының төрайымы А.Жакипова, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры, Ауған соғысының ардагері Ж.Махашев, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бас маманы Л.Ан және т.б. қатысты.

Облыстық жас туристер станциясының 2022 оқу жылындағы білім саласында атқарылған жұмыстары мен жетістіктері жайлы бейнеролик қойылып, мекеме директоры С.Өмірбаева форумға қатысушыларды құттықтап, бірқатар сыйлы қонақтар мен ата-аналарды марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бас маманы Л.Ан құттықтау сөз сөйлеп, ата-ана мен бала арасындағы байланыс, қоғамда орын алып жатқан бірқатар мәселелер жайында баяндама жасады.

Сондай-ақ, қоғам, отбасы, ата-ана, ұрпақ тәрбиесі тақырыптарында баяндамалар оқылып, бейнероликтер қойылды, қатысушылар арасында пікір алмасу (дебат) өтті.

Форум соңында «Ulu Dala Eli» орталығында ата-аналарға арнайы экскурсия ұйымдастырылды.

«Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы

1 2 3 4 42