Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» ғимаратының үлкен залында «2022 жыл – Балалар жылын» қорытындылауға мақсатында өткізілген «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс шарасына қатыстым.
Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шараға облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев, басқарма басшысы Д.Болатханұлы, басқа да ұйымдардың басшылары, облыстың барлық аймақтарынан келген оқушылар мен ұстаздар қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев халықаралық және республикалық байқауларда облысымыз мен еліміздің намысын қорғап, жүлдегер атанған оқушыларды алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар ұсынды. Сондай-ақ, үздіктер қатарынан көрінген Түркістан қаласының оқушылар сарайына, Қазығұрт, Жетісай аудандарының адами әлеуетті дамыту бөлімдеріне микроавтобус сыйласа, Түлкібас ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне 5 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық табыс етілді.
Өнер майталмандары мен өнерпаз оқушылар қонақтарға әннен шашу шашып, би билеп, көтеріңкі көңіл сыйлады. Әсіресе әншілер Ә.Қалаубаева, М.Бақытжанқызы, А.Тұрғанбек кезекпен ән шырқап, көпшілікті тәнті етті.
Шардара ауданындағы Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі, суретші – ұстаз, қылқалам шебері Айдарбеков Темірәлі Өсерұлы бүкіл саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеуге арнаған дара тұлға. Оның қолынан шыққан талай картиналары елдің назарына ілігіп, түрлі байқауларда жеңімпаз болып табылған. Өзі тәрбиелеген шәкірттері де құр алақан емес.
Бүгін өнер иесі өзінің кезекті көрмесін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» ғимаратының кіре берісінде «2022 жыл – Балалар жылын» қорытындылауға мақсатында өткізілген «Бәрі де балалар үшін» мерекелік іс шарасында көпшілікке ұсынды. Ел игілігі жолында өз өнерін көпшілікке паш етіп, саналы да өнерлі ұрпақ тәрбиелеп отырған ұлағатты ұстаз Т.Айдарбеков облыстық кәсіподақ комитетінің төс белгісімен марапатталды. Марапатты облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек табыс етіп, өнер иесіне шығармашылық жетістіктер тіледі.
21.12.2022 жылы Түркістан қаласы мәдениет басқармасының «Ulu Dala Eli» орталығында «Облыстық жас туристер станциясы» КММ ұйымдастыруымен «Қоғам және отбасы» тақырыбында ата-аналар форумы өткізілді.
Форумға білім саласының қызметкерлері, ата-аналар, Облыстық жас туристер станциясының директоры С.Өмірбаева, облыстық білім басқармасының бас маманы Ә.Биболова, облыстық ата-аналар ұйымының төрайымы А.Жакипова, «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының директоры, Ауған соғысының ардагері Ж.Махашев, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бас маманы Л.Ан және т.б. қатысты.
Облыстық жас туристер станциясының 2022 оқу жылындағы білім саласында атқарылған жұмыстары мен жетістіктері жайлы бейнеролик қойылып, мекеме директоры С.Өмірбаева форумға қатысушыларды құттықтап, бірқатар сыйлы қонақтар мен ата-аналарды марапаттап, сыйлықтар табыстады.
Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының бас маманы Л.Ан құттықтау сөз сөйлеп, ата-ана мен бала арасындағы байланыс, қоғамда орын алып жатқан бірқатар мәселелер жайында баяндама жасады.
Сондай-ақ, қоғам, отбасы, ата-ана, ұрпақ тәрбиесі тақырыптарында баяндамалар оқылып, бейнероликтер қойылды, қатысушылар арасында пікір алмасу (дебат) өтті.
Форум соңында «Ulu Dala Eli» орталығында ата-аналарға арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Пауерлифтингтен мектеп оқушылары, Сұлтанрабат жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімінің жаттықтыруымен үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Әлем чемпионы, Азия чемпиондары, әлем рекордын жасаған, әлемнің ең мықты 10 спортшыларына кіретін, спорт шебері оқушыларымыз бар.
Шестакова Екатерина- №5 мектеп гимназиясы, 10 сынып оқушысы.
Қазақстан Республикасы спорт шеберіне үміткер;
Азия чемпионы –Дубай (БАӘ) 2022ж.
Азия чемпионы –Алматы 2022ж.
Таджиев Тураптай – Сұлтанрабат ЖОМ, ұстаз, Түркістан облысы бойынша пауерлифтингтен аға жаттықтырушы жаттықтырушы.
Әлемдік деңгейде Қазақстан елінің намысын қорғап жүрген спортшыларымыздың осы жеткен үлкен жетістіктерін бағалай келе ынталандыру мақсатында алғыс хат пен оқушыларға 20 000 теңгеден және ұстазға 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталды.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен, аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен Төлеби аудандық әлеуетті дамыту бөлімі акт залында кезекті жиналысы өтті. Күн тәртібі баяндалып, Раджу Сайлауұлы 2022 жылы атқарылған жұмыстарды толықтай айтып өтті, қойылған ұсыныстар мен сұрақтарға жауаптар берілді. Алдағы күндері өткізілетін Төлеби ауданының 90 жылдығына орай «Тұғыры биік Төлеби» атты мерекесін аудан көлемінде атап өтілуі жайлы және сол іс-шараға белсене атсалысуымыз қажет екендігі айтылды.
Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасы оқу жылында жетістіктерге қол жеткізген, білім саласына өз үлесін қосқан, ұзақ жылдар бойы кәсіподақ комитетіне өз үлесін қосқан ұстаздары мен бастауыш кәсіподақ комитеті төрағаларына арнайы сыйлықтарын табыстап, алдағы келе жатқан мерекелерімен құттықтап, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы марапаттарын және аудандық кәсіподақ комитеті алғыс хаттарын табыстады.
Төлеби аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен С.Сейфуллин мектебінің мәжіліс залында аудандық білім бөлімінің басшысын Г.Т.Тынымбаева мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы қатысып М.Сейдалиева «16-желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні» мерекемен ұстаздарды құттықтады.
Білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген білім саласының ұстаздарына түрлі деңгейде марапаттар тапсырылды: Облыс мәслихаты, облыстық «Аманат» партиясының Алғыс хаттары, «Ы.Алтынсарин» медалі, облыстық «Кәсіподаққа еңбегі сіңген белгісі», облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталары тапсырылды.
Марапаттарыңыз құтты болсын, құрметті ұстаздар!
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен кәсіподақ комитеті
«16–желтоқсан Қазақсатан Республикасының Тәуелсіздік» күні мерекесіне байланысты кәсіподақ активтерін марапаттау іс шарасы өтті. Жиынға аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің орынбасары Б. Бекмұрат қатысып білім саласы қызметкерлерін мерекемен құттықтады.
Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.Қасым жиынға қатысушыларды Тәуелсідік күнімен құттықтап, кәсіподақ активтерін марапаттады.
Отырар аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Салауатты өмірді насихаттай отырып, Түркістан облысы Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 2022 ж. 16 желтоқсан күні «Тәуелсіздік» мерекесіне орай ауыл әкімшіліктер арасынан білім беру мекемесінің мұғалімдерінен іріктелген ерлер мен әйелдер арасында «Волейбол» «Шахмат» ойынынан Аудандық жарыс өткізілді.
Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат-Тәуелсіздікті дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, білім беру мекемесінің қызметкерлерін дене шынықтырумен және спортпен белсенді насихаттауға тарту, жарысқа қатысатын қызметкерлер арасындағы достық қарым-қатынастарды күшейту болып табылады.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Артыков алғы сөз сөйлеп, өз сөзінде 16-желтоқсан ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күнімен құттықтап Барлық қатысушыларға Жеңіс, сәттілік тілеп, іс-шараны ашып берді.
Тартысты өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша «Волейбол» ойынынан Ерлер командасынан:
Бас жүлде – «Ошақты» а/ә
І орын – «Біртілек» а/ә ;
ІІ орын – «Ұшқын» а/ә;
ІІІ орындарды – «Ақтөбе» а/ә
Әйелдер командасынан:
Бас жүлде – «Ұшқын» а/ә
І орын – «Ақтөбе» а/ә ;
ІІ орын – «Кәсіподақ құрама » командасы
ІІІ орынды –«Абай» ауыл әкімшіліктері командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздар кубок, диплом және ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг және 20000тг сертификаттары марапатпен табысталды.
Белсене қатысып, өз үлестерін қосқан, орын алмаған ауыл әкімшілік командасынан ерекше ойындармен көзге түсіп, қызық ойын көрсеткен жарыс қатысушылары Номинациялық диплом, бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Үздік ойыншы»
1. Нұранов Қ. «Қошқарата» а/ә, №25 С.Сейфуллин атындағы жоббм кмм
2. Көшікбай А. «Ошақты» а/ә №49 Қоңыртөбе атындағы жоббм кмм
«Үздік үйлестіруші»
1. Жанадилов Б. «Кәсіподақ құрама» командасы «Ақнұр»балабақшасы
2. Халикова Ж. «Қошқарата» а/ә №25 С.Сейфуллин атындағы жоббм кмм «Үздік шабуылшы»
Адеев Т. «Жамбыл» а/ә №60 Жамбыл атындағы жоббм кмм
Сманова Қ. «Ошақты» а/ә №49 Қоңыртөбе атындағы жоббм кмм
Белсене қатысып, өз үлестерін қосқан командалар Келес ауданының «Шахмат» ойынынан ерлер арасынан:
І орын – Хасанов А. «Ұшқын» а/ә №20 Т.Бердияров жоббм кмм;
ІІ орын – Ашеев Е. «Ақтөбе» а/ә №37 Р.Қошқарбаев жоббм кмм;
ІІІ орындарды – Кусанов Б. «Қошқарата» а/ә №25 С.Сейфуллин жоббм кмм
Әйелдер командасынан:
І орын – Байқабылова Г. «Абай» а/ә №4 Ж.Баласағұн жоббм кмм ;
ІІ орын – Досханова Ж. «Қошқарата» а/ә №25 С.Сейфуллин жоббм кмм
ІІІ орынды – Чилтанбаева Р. «Біртілек» а/ә №10 Игілік жоббм кмм
Аудандық жарыс өз мәресіне жетті. Өте додалы, қызық ойын болды.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты И.Журба атындағы жалпы орта мектебінің базасында 16-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай білім қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау іс-шарасына Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Момбеков Ашимхан, Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Мухаев Жуматай, ардагер ұстаздар директоры Жунисов Абсаттар қатысты. Сонымен бірге қалалық кәсіподақ комитетінің кезекті Пленумы өтті.
Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ашимхан Момбеков қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесімен бірге марапаттарды табыстады.
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.
Сіздерді ұлық мереке — Қазақстан Тәуелсіздігі күнімен
шын жүректен құттықтаймын!
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің
басты мұратымыз.
Желтоқсанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да
бөлек. Сондықтан да «Толарсақтан саз кешкен» батыр бабаларымыздың
әр жылда төгілген қанының, ұлы мұраттар жолында құрбан болған
асыл азаматтарымыздың асқақ армандарының, сәбиін білегімен,
даласын жүрегімен тербеткен аналарымыздың аққан жасының, Жаратқаннан тілеген медетінің арқасында қол жеткізген Тәуелсіздікті
біз әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу
мәртебесін көру — бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де