Үздік сынып жетекшісі – 2018

Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен Мақтаарал ауданы білім бөлімі бірлесіп              10 қараша күні аудандық «Үздік сынып жетекшісі – 2018» сайысын ұйымдастырып өткізді. Сайысқа барлағы 50-ге жуық мектептен үздік деп танылған сынып жетекшілер қатысып, өз бақтарын сынады. Сайысқа қатысқан ұстаздар  4 шарт бойынша өздерінің кәсіби шеберліктерін байқатып сынға түсті.

Сайыстың жеңімпаздары:

  1. Бас жүлде иегері – Бектасов ЖОМ – Г.Көпжасарова
  2. І орын иегері – Тұяқбаев ЖОМ – Қ.Шойбеков
  3. ІІ орын иегері – №113 ЖОМ – Ж.Исмайлова
  4. ІІ орын иегері – Панфилов ЖОМ – Қ.Қалдыбекова
  5. ІІІ орын иегері – Нұрлы таң ЖОМ – Р.Данифренова
  6. ІІІ орын иегері – Береке ЖОМ – А.Турсова
  7. ІІІ орын иегері – Ғ.Мүсірепов ЖОМ – Ұ.Шарипова

Сайыстың қорытындысына сәйкес бабы мен бағы қатар шауып, көптің ішінен дара шыққан, жеңімпаз ұстаздар мен жүлдегер ұстаздарға Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымы тарапынан марапаттар табысталып,сый-сыяпат көрсетілді.

 

Үздік сынып жетекшісі – 2018

Үздік сынып жетекшісі – 2018

Үздік сынып жетекшісі – 2018

Үздік сынып жетекшісі – 2018

Есеп беру-қайта сайлау жиналысы.

12.11.2018 ж. Түркістан облысы,Сайрам ауданы №42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінде  есеп беру сайлау жиналысы өтті. Жиналысқа аудандық кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі С.Сейдалиева мен аудандық кәсіподақ комитетінің маманы У.Ташимова қатысты. № 42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінде  кәсіподақ мүшесі саны -308 адам, кәсіподақ комитеті – 7 адам, тексеру комиссия – 3 адамнан тұрады, кәсіподақ комитетінің төрағасы – Раимкулов Толкунжан Равшанбекович. Жиналысқа барлық мектептегі кәсіподақ мүшелері санынан 2\3 бөлігі қатысты. Бірінші кезекте Кәсіподақ комитеті төрағасының баяндамасы, тексеру комиссиясы төрағасының баяндамасы тыңдалды. Қатысушылар кәсіподақ комитетінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға қойып, әрі қарай осы құрамында жұмыс істесін деп ұсыныс білдірді.  №42 Фурқат атындағы жалпы орта мектебінің кәсіподақ мүшелері бірауыздан  кәсіподақ комитетінің төрағасы Толкунжан Раимкуловты қайта сайлап,жұмысына табыс тіледі. Артынша сөз кезегі С.Сейдалиеваға берілді. С.Сейдалиева мектептердегі өзекті мәселелерге тоқталып, Қазақстан Республикасының Президенті,Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауындағы білім саласына қатысты мәселелер туралы айтты. С.Сейдалиеваға кәсіподақ мүшелері тарапынан  кәсіподаққа қатысты біршама сұрақтар қойылды. Қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, сұрақ қоюшылар қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Есеп беру-қайта сайлау жиналысы.

Есеп беру-қайта сайлау жиналысы.

Есеп беру-қайта сайлау жиналысы.

Есеп беру-қайта сайлау жиналысы.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІКТІ ПЕДАГОГ, БІЛІМДІ ҚАЛАМГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ.

Биылғы жыл қуанышы мен жақсылығы мол жыл болды десек қателеспейміз. 2018 жыл еліміздің бас қаласы – Астананың 20 жылдығын тойласақ, киелі Түркістанның облыс орталығы атанған жылы ретінде де есте қалары анық. Сонымен қатар, біз яғни Түркістан қаласындағы білім саласының қызметкерлері үшін тағы бір естелігімен есте қаларлықтай болып отыр. Биылғы жылы ұстаздарымыздың төл басылымы – «Ұстаз» газеті де 20 жасқа толып отыр. Сондықтан да қалалық білім бөлімі мен редакция ұжымы ұстаздар арасында волейболдан турнир ұйымдастырып, жабылу салтанатын жоғары деңгейде өткізді.

1998 жылы алғашқы саны жарық көрген «Ұстаз» газеті бүгінде ұстаздардың айнасына айналды десек артық айтқандығымыз емес. Белгілі педагог, қаламы қарымды журналист Ғани Жақсылықұлы Ысқақовтың бастамасы, ұлағатты ұстаз, білікті басшы Жарқынбек Құлбайымбетұлы Құлбайымбетовтың қолдауымен өмірге келген газет 20 жыл ішінде қала жаңалықтарынан басқа қаладағы білім саласының тыныс-тіршілігін, жаңа әдістемелер мен технологияларды педагогтарға жеткізіп отырды. 2005 жылдан бастап жыл сайын мұғалімдер арасында газеттің кубогі және алғашқы редакторы Ғ.Ысқақовты еске алуға арналған қалалық волейбол турнирін өткізу дәстүрге айналған. Бұл турнир биыл да өз жалғасын тауып, он төртінші рет жалауын көтеріп отыр.

Биылғы жарыс тағы бір өзіндік жаңалығымен ерекшеленіп отыр. Қаламыз облыс орталығы атануына байланысты қала аумағында орналасқан ауылдық округтер Кентау қаласының қарамағына өткендігінен хабарларыңыз бар. Сонымен қоса осы ауылдарда орналасқан мектептер де «кентаулық» атанды. Бұдан бұрынғы турнирлерде белсенді қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүрген мектептерімізді ескере отырып, жарыс екіге бөлініп өткізілді яғни түркістандық мектептер мен Түркістаннан барған кентаулық мектептер. Жүлделі орындар да бөлек сарапқа салынды.

Жарыстың жабылу салтанатына қатысқан қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы Рысбеков пен қалалық ҰОС және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетұлы Құлбайымбетов білікті педагог, білімді қаламгер Ғани Жақсылықұлы жайлы естеліктерімен бөлісіп, оның өмір жолын кейінгі буын ұстаздарға үлгі етті. Сонымен қатар, газеттің бүгінгі қызметіне жоғары бағаларын беріп, редакция ұжымымен қатар оқырмандарын да газеттің 20 жылдық мерекесімен құттықтады. Ал, қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Абайқызы да өзінің жылы лебіздерін жеткізіп, сый-сияпатын тапсырса, әке жолын қуып, бүгінде белгілі журналист болып қалыптасқан Ақмарал Ғаниқызы да ұстаздар қауымына ризашылығын білдіріп, әкесіне арнаған сағынышқа толы өлең жолдарын оқып берді. Осыдан кейін шара марапаттау салтанатымен жалғасын тапты.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл жарыс биыл 14-рет өткізіліп отыр. Осы жылдар ішінде өткізілген турнирлерде белсенділік танытып, жарыстардың жоғары деңгейде өтуіне қомақты үлес қосып келе жатқан ұстаздарымызға қалалық білім бөлімі және редакцияның алғыс хаттары мен сыйлықтары табыс етілді. Сонымен қатар, ХІҮ волейбол турнирінің жоғары дәрежеде өтуіне қосқан жандар да марапаттан тыс қалмады. Турнир барысында өзінің үздік ойын-өрнегімен дараланғандар «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы», «Ардагер ойыншы» және «Ең жас ойыншы» номинацияларына ие болды.

Турнир барысында үздік ойындарымен дараланып, командалар ішінде үздік шыққан «Тұран» жалпы орта мектебінің командасы жарысқа қатысқан кентаулық ауыл мектептері арасында жеңімпаз атанды. ІІ орынды «Қызыл Әскер» жалпы орта мектебінің командасы иеленсе, екі бірдей ІІІ орынды М.Мұса атындағы және «Қызыл жол» жалпы орта мектептерінің командалары қанжығаларына байлады. Ал, түркістандық командалар арасында Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебі жүлде қорларын газеттің тағы бір кубогімен толықтырды. ІІ орынға М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының командасы иелік етсе, С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейі мен Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназияның командалары ІІІ орыннан көрінді. Аталған командалардың барлығын қала әкімінің орынбасары Ғ.Рысбеков, қалалық ҰОС және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов, қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Д.Турманова, қалалық спорт бөлімінің басшысы Қ.Айдарбековтер марапаттап, қалалық білім бөлімі мен редакцияның арнайы дипломдарымен қатар заттай сыйлықтарын табыс етті.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІКТІ ПЕДАГОГ, БІЛІМДІ ҚАЛАМГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІКТІ ПЕДАГОГ, БІЛІМДІ ҚАЛАМГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІКТІ ПЕДАГОГ, БІЛІМДІ ҚАЛАМГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ.

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҰСТАЗДАР БІЛІКТІ ПЕДАГОГ, БІЛІМДІ ҚАЛАМГЕРДІ ЕСКЕ АЛДЫ.

Кәсіподақтың есеп беру және қайта сайлау жиналыстары өтуде.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетіне 132 білім және ғылым қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдары біріккен.

Есеп беру және қайта сайлау науханына аудандық кәсіподақ комитеті тыңғылықты дайындықпен келді. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілерімен 4 аймақтық семинар өткізілді.

Аудандық кәсіподақ комитеті атқару комитетінің кезекті мәжілісінде “Бастауыш кәсіподақ комитеттерінде есеп беру, қайта сайлау жиналыстарын өткізу туралы” мәселе қаралып, есеп беру жиналыстарының кестесі жасалды.

Барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары есеп беру жиналысына жан-жақты дайындалып, бес жылдағы істелінген жұмыстары жайлы есеп берді. Баяндамалары бейнебаян, сурет, диаграммалармен толықтырылып отырылды.

№28 түзеу үлгісіндегі балалар бақшасы, “Бала би”, “Ертөстік”, “Мерей” балалар бақшасы, Абай, Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Абылайхан, №135, Шәкәрім, Яссауи, Айбергенов атындағы жалпы орта мектептері бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы есеп беру, қайта сайлау жиналыстары жоғары дәрежеде өтті.

Барлық есеп беру, қайта сайлау Жиналыстарына аудандық кәсіподақ комитетінің пленум мүшелері мен мамандары қатысып, қазіргі кәсіптік одақтардың көкейкесті мәселелері жайлы әңгіме жүргізді.

Есеп беру, қайта сайлау жиналыстары 9 қараша күні аяқталады.

Аудандық кәсіподақ комитетінің XVIII конференциясы

8 желтоқсан 2018 жылы жоспарланған.

Кәсіподақтың есеп беру және қайта сайлау жиналыстары өтуде. Кәсіподақтың есеп беру және қайта сайлау жиналыстары өтуде. Кәсіподақтың есеп беру және қайта сайлау жиналыстары өтуде. Кәсіподақтың есеп беру және қайта сайлау жиналыстары өтуде.

Есеп-беру қайта сайлау

Шымкент қаласындағы М.Тасова атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №12 мектеп-интернатында бастауыш кәсіподақ комитетінің есеп-беру қайта сайлау жиналысы болып өтті.Түркістан облыстық білім қызметкерлері  кәсіподақ комитетінің төрағасы Еркінбек Бахыт Сейітжаппарұлы мен  маманы  Қилыбайұлы Бақытжан  мектеп-интернат кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлшарат Бектурованың есеп беру-қайта сайлау жиналысына қатысты. Жиналыста  Б. Еркінбек, Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Назарбаевтың кезекті  жолдауын талқыға салып, қазіргі таңдағы  мұғалім беделін арттыру, мұғалім мен оқушының арасындағы сыбайластыққа жол бермеуі туралы, сонымен қатар жалақыны  көтеру мәселесі, мұғалімінің әлеуметтік жағдайы, қоғамдағы орны туралы сөз қозғады, мұғалімдер сөз алып,сұрақ қойып, сұрақтарына жауап алып отырды. Сөз алған мұғалімдер жұмыс жүктемесі, үй мәселесі, зейнеткерлік, жалақы мәселесі туралы сөз етті. Жиын соңында Б.Еркінбек  мектеп-интернат директоры С.Х.Мамешовты «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен және бір қатар мұғалімдерді алғыс хаттармен марапаттады.

Есеп-беру қайта сайлау

Есеп-беру қайта сайлау

Есеп-беру қайта сайлау

Есеп-беру қайта сайлау

Семинар Сайрам

Түркістан облысы Сайрам ауданында  білім беру  мекемелері және балабақшаларының қатысуымен  еңбекті қорғау бойынша «Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жұмыс барысында қолданылатын негізгі баптары туралы.Мекемедегі жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі  келісу комиссияларының жұмысы туралы», «Білім мекемелердегі Ұжымдық шарт туралы» тақырыбында семинар болып  өтті.

Семинарға облыстық мемлекеттік инспекторы-К.Асилбеков , Аудандық жұмыспен қамту  және әлеуметтік  бағдарламалар  бөлімі басшының орынбасары-Н.Сапарбаев, Аудандық кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі -С.Сейдалиева, бала бақша  меңгерушілері, мектеп кәсіподақ комитеттерінің төрағалары қатысты.

Облыстық еңбекті қорғау мемлекеттік инспекторы К.Асильбеков ҚР Еңбек кодексіндегі жұмыс барысында қолданылатын  жұмысқа  қабылдау, жұмыстан босату тәртібі туралы , тәртіптік жазаларды  белгілеу және қолдану мерзімдері туралы, жұмысқа қабылдау кезінде  еңбек шартын жасату, өзгерту  және кез келген  толықтырулар туралы толық мәлімет берді. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмыскерді лауазымдық міндеттерімен, мекеменің Еңбек тәртіптемесімен таныстырып, еңбек қауіпсіздігі нұсқаулықтармен таныстыру қажеттігі туралы айтылды.  Мекемедегі  Еңбек тәртіптемесі, еңбек тәртібі , ұжымда келісу комиссиясын  құру  және оның жұмысын  қалыптастыру туралы айтты. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1193 азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты  есебінен ұсталатын  ұйымдардың  қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне  еңбекақы төлеу жүйесі туралы түсіндірме берілді.

Семинар жұмысын әрі қарай С.Сейдалиева жалғастырып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Жолдауына байланысты атқарылатын міндеттерге тоқталды.Сонымен қатар мекемелердегі 2016-2018 жылдары арналған Ұжымдық шарттың орындалуы, 2019-2021 жылдарына арналған Ұжымдық шарттар туралы мәлімет берді.

Артынша,   жұмысқа қабылданғаннан кейін қанша уақыттан кейін еңбек демалысына шығуға болатынын, ақысыз демалысты қай уақытқа дейін созуға болатынын, келісу комиссияны құру тәртібі туралы,т.б.толғандырып жүрген мәселелер жөнінде  сұрақтар қойылды.Сұрақтардың барлығына толыққанды жауаптар берілді.

Семинар Сайрам

Семинар Сайрам

Семинар Мақтаарал

18-ші қазан күні Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, мектеп директорлары, мектептен тыс мекемелердің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төраға,төрайымдарымен «Мемлекет пен адамдардың күш біріктіру арқылы әл-ауқаты табысты еңбек қоғамын құру» тақырыбында семинар ұйымдастырылып өткізілді. Жоспарға сәйкес Мақтаарал аудандық кәсіподақ  комитетінің төрағасы А.Жолдасов пен Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басышысының орынбасары М.Бабашевтар ашып берді және Мақтаарал ауданы кәсіподақ ұйымының маманы Е.Жанисов келген қонақтарға «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»  атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына байланысты атқарылатын міндеттер тақырыбында арнайы дайындап келген баяндамасын баяндап берді. Сонымен қатар Мақтаарал аудандық кәсіподақ  комитетінің төрағасы А.Жолдасов алдағы уақытта барлық мемлекеттік мекемелерде бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру және қайта сайлау туралы біршама мәліметтерді семинарға келген қонақтарға мәлімдеп, ережелерін айтып өтті. Шара барысында Мақтаарал ауданы білім бөлімінің басшысының орынбасары М.Бабашевта Елбасының Жолдауына байланысты сөз қозғап, өз ойын білдіріп өтті. Барлығы 71 мемлекеттік ұйымнан 150-ге тарта қызметкерлер қатысты.

Семинар Мақтаарал Семинар Мақтаарал Семинар Мақтаарал Семинар Мақтаарал

Өнерлі ұстаз

Төлеби аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті, аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып, талантты және кәсіби құзіреттілік деңгейі жоғары өнерлі ұстаздарды айқындау, оларға қолдау көрсету мақсатында аудан мұғалімдері арасында “Өнерлі ұстаз – 2018” байқауы кәсіподақ комитетінің демеушілігімен болып өтті. Тәрбие жүйесіндегі озат педагогикалық тәжірибені насихаттау, ұлттық салт-дәстүрді ұстаздар арасында дамыту мақсатында өткізілген байқауға аудан мектептерінен 17 мұғалім қатысып, өз бақтарын сынады. Ұстаздар байқау шарты бойынша өздерін таныстырып, мақал- мәтелден сайысқа түсіп, өз өнерлерін де ортаға салып жан-жақты екендіктерін көрсете білді. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімі бойынша ең жоғарғы ұпайды олжалаған “№6” жалпы орта мектебінің мұғалімі Тоқтақұлов Ханыбек бірінші орынды жеңіп алды.

Сан қырлы өнері және кәсіби шеберлігімен танылған №7 ЖОМ мұғалімі Жексенбаева Гульжан, №2 Ш.Уалиханов атындағы ЖОМ мұғалімі Орымбаева Назира жүлделі екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, Қаратөбе ЖОМ мұғалімі Онғарбаева Айнұр, Қ.Мамытов атындағы ЖОМ мұғалімі Беркінбаева Мөлдір, Көксәйек бастауыш мектебінің мұғалімі Сауртаева Лаура, Қ.Тыныбеков атындағы ЖОМ  мұғалімі Дүймова Бибинур  жүлделі үшінші орынды қанжығаларына байлады. Аталған мұғалімдерді жеңістерімен құттықтап, арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Өнерлі ұстаз

Өнерлі ұстаз

Өнерлі ұстаз

Өнерлі ұстаз

Өнерлі ұстаз

Өнерлі ұстаз

Білім беру ісін қолдайтын Жолдау!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы дамудың жаңа белестерін айқындайтыны анық.  Бұл жолғы бас құжаттың маңызы бұрынғы Жолдаулардан аса айрықша.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіодағының төрайымы Амантаева Майра Тұрғанқызы Елбасы жолдауын насихаттау мақсатында 2018 жылдың 16-шы қазан күні Түркістан облыстық білім қызметкерлері кәсіподағының активімен кездесті.

Қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру мақсатында Елбасы  Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды .

Сегіз бөлімнен құрылған бұл басымдықтың алғышарты 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігін атап көрсетті. Мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсарту мен орта білім беру жүйесін нақтылау керектігін,  Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесінің мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс екендігін және бұл жаңартылған бағдарлама мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болатындығын нақты айтып өтті. Жалпы мектептердегі білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиістігін сөз еткен Елбасы мұғалімдердің мәртебесін де, еңбекақыларын да қайта қарау қажеттігіне ерекше тоқталды.

Елбасы айтқандай, ұстаздар мемлекеттік қызметкерлер ішіндегі әлеуметтік аз қорғалған, жалақысы жасаған жұмысынан төмен, сонда да қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып келе жатқан қызметкерлер екенін айтты. Расында да бүгінгі жас буын ертеңгі ел азаматы десек, сол елдің болашағы мен ертеңі ұстаздардың қолында. Яғни,  ұстазға жағдай жасау – ұлт болашағына жағдай жасау. 2019 жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін ескерген Елбасы заңды құжаттың мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен  тыс функциялардан арашалайтын маңызды құжат болатындығын ескертті.

Бірлік пен тірлікке шақырған Елбасының бұл Жолдауы білім беру ісінің барлық қызметкерлеріне, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен  кәсіподақ мүшелеріне тың серпін мен жігер ұялатқаны анық. «Біз, Кәсіподақтар Елбасы Жолдауын қолдаймыз!  Ел игілігін еселеу жолындағы игі істерге бірлесіп атсалысайық!» деп Майра Тұрғанқызы сөзін қортындылады. Жиынға келген аудандық,қалалық кәсіподақ төрағалары жолдауға деген өз ойларын,пікірлерін айтып,ризашылықтарын білдірді.

Білім беру ісін қолдайтын Жолдау!

Білім беру ісін қолдайтын Жолдау!

Білім беру ісін қолдайтын Жолдау!

Білім беру ісін қолдайтын Жолдау!

2018 жылдың 13-ші қазаны күні сағат 11.00-де “Кәусар” гимназиясының мәжіліс залында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен. ” Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ қозғалысының негізін қалаушы” тақырыбындағы семинар.

2018 жылдың 13-ші қазаны күні сағат 11.00-де “Кәусар” гимназиясының мәжіліс залында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен. ” Бастауыш кәсіподақ ұйымы – кәсіподақ қозғалысының негізін қалаушы” тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына 190 тыңдаушы қатысты (кеңес мүшелері, жұмыс берушілер, бастауыш кәсіподақ ұйымының, төрағалары, аудандық білім бөлімінің мемлекеттік қызметшілері). Семинар жұмысы төмендегі бағыттарды қамтыды:.

  1. “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру”. атты Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың xалыққа арнаған жолдауына байланысты туындайтын міндеттер,
  2. Есеп-беру және қайта сайлау жиналыстарын өткізудің талаптары мен міндеттері,
  3. Жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеу-өзекті мәселе.
  4. Бірінші бағыт бойынша білім және ғылым қызметкерлері Ордабасы аудандық комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Ш.Т, М.Әуезов атындағы жом директоры Сапарымбет Д.Ш және А.Шерімқұлов атындағы жом БКҰ төрағасы Мырзанова А , кәсіподақ комитеті төрағасының кеңесшісі Маxанова З.С ,Арыс ауданы нөмірі 3-ші жом директоры Джеренова Р. О пікірлерін ортаға салды. Семинардың бірінші бағыты біткен соң “Кәусар” гимназиясының математика пәнінің мұғалімі-жас маман Раxымбай Гүлбибі семинар тыңдаушыларына адам ағзасының жұмысын жақсартуға ықпал ететін сергіту жаттығуларын жасатты!
  5. Екінші бағыт бойынша. (Маxанова З.С) жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарын реттеуде жұмыс берушілердің және қоғамдық бақылау жасаудағы кәсіподақ жетекшілерінің атқаратын міндеттері туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ жемқорлық әрекеттердің алдын алу мақсатында қолданыстағы заңнамалардың білім саласына және жұмыскерлердің құқығын қорғауға қатысты бағыттары бойынша түсіндірмелер берілді.
  6. Үшінші бағыт бойынша кәсіподақ комитетінің маманы Алтынбекова Э есеп-беру және қайта сайлау жиналыстарын сапалы өткізудің мақсаты мен маңызы және жауапкершілігі жөнінде нақты бағыттарды түсіндіріп, практикалық көмек көрсетті.

2018 жылдың 13-ші қазаны күні сағат 11.00-де "Кәусар" гимназиясының мәжіліс залында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен. " Бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақ қозғалысының негізін қалаушы" тақырыбындағы семинар.

2018 жылдың 13-ші қазаны күні сағат 11.00-де "Кәусар" гимназиясының мәжіліс залында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен. " Бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақ қозғалысының негізін қалаушы" тақырыбындағы семинар.

2018 жылдың 13-ші қазаны күні сағат 11.00-де "Кәусар" гимназиясының мәжіліс залында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен. " Бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақ қозғалысының негізін қалаушы" тақырыбындағы семинар.

2018 жылдың 13-ші қазаны күні сағат 11.00-де "Кәусар" гимназиясының мәжіліс залында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитетінің ұйымдастыруымен. " Бастауыш кәсіподақ ұйымы - кәсіподақ қозғалысының негізін қалаушы" тақырыбындағы семинар.

1 27 28 29 30 31 34