Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебі орыс тілі пәнінің мұғалімі Байырхан Шолпан Сламбекқызы.
Қазақтың қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
«Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» – деп, М.Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Сондықтан да мұғалімге жасалатын қамқорлық, жүктелетін жауапкершілік жас ұрпақ тағдырына, болашағына жан ашырлықпен қарау деп ұғынылғаны дұрыс.
Осындай білімді де, дарынды ұстаздарымыздың бірі Қазақстан Респупбликасы Білім және Ғылым министрінің «Құрмет грамотасының» иегері Шолпан Сламбекқызы.
Шолпан Сламбекқызы 1964 жылы 6 қарашада Созақ ауданы Шолаққорған ауылында дүниеге келген. 1972-1982 жж. Шымкент қаласында Қ.Спатаев атындағы орта мектепті бітірген. 1982–1987жж. М.Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтында «орыс тілі мен әдебиеті ұлт мектебінде» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1987 жылдан бері осы уақытқа дейін Шұбар ауылында (бұрынғы В.И.Ленин) қазіргі Д.Қонаев атындағы жббм орыс тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды.
Шолпан Сламбекқызы 1986 жылы отбасын құрған. Жолдасы Рысымбет Әбдіжаппар Сабденұлы мектеп директоры және тарих пәні мұғалімі болып қызмет еткен, қазіргі таңда зейнеткер – ұстаз.
Осы жылдарда Шолпан Сламбекқызы ұстаздық ұлағатымен ерекше сый-құрметке бөленіп, болашақ ұрпаққа жаңашыл білім мен тәрбие беруде. Еңбек жолында шәкірттеріне өнегесін дарытып, мейірім шуағына бөлеп келе жатқан ұстаз, қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі мол.
Қазақстан Респупбликасы Білім және Ғылым министрінің «Құрмет грамотасы» (2018ж),
ОҚО білім басқармасының әдістемелік кабинетінің «Алғыс хаты» (2018ж),
Түркістан облысының адами әлеуетті даму басқармасы «Алғыс хаты» (2020ж),
«Білікті ұстаз» төсбелгісінің иегері.
2020 жылы «Рухани жаңғыру» ақппараттық-сараптамалық орталығы және «Qazaq Bilimi» республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журналы ұйымдастырған «Үздік педагогиикалық мақала» республикалық конкурсының «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен білім саласы қызметкерлеріне арналған ІІ Республикалық «Жаңа Қазақстан – 2022» байқауына «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2022 жылы «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған орыс тілі мен әдебиеті ұстаздары арасындағы онлайн блиц-турнирдің жеңімпазы атанып І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Шолпан Сламбекқызы бақытты отбасының отанасы 3 ұл, 1 қызы және 14 немеренің аяулы әжесі. Ұл-қыздары қоғамда өз орындарын тапқан, үйлі-жәйлі азаматтар, білікті мамандар.
Әріптестері мен туыстарына беделді бола білген Шолпан Сламбекқызы мерейлі 60 жасқа толып отыр. Қай кезде болмасын әріптестеріне көмек қолын ұсынатын, ақыл-кеңісін беретін, байыпты да байсалды ұстаз.
Жұмысыңызға творчестволық табыс тілей отырып, шәкірттеріңізбен танымал болыңыз дегіміз келеді.
Өз сөзімді ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың қаннатты сөзімен аяқтағым келіп отыр:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді,
Керемет мұғалім көрсетеді.
Ұлы мұғалім шабыттандырады.
Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.