Ұстаз – ұлы тұлға!

2018 жылдың қазан айының 5-і күні Мақтаарал ауданында Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстаз – ұлы тұлға» атты шара өтті. Аудан орталығындағы №120 жалпы орта мектебінің акт залында өткен салтанатты жиынға аудан басшылары мен ардагерлер, ұстаздар қауымы қатысты.   Тәуелсіз еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты және рухани жан дүниесі бай азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екені белгілі. Білім саласы қызметкерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков арнайы қатысып, айтулы мерекемен ұстаздарды құттықтады.  Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары Бауыржан Адилов, Берік Шампиев, Әділхан Асауовтар қатысып, ұлағатты ұстаздарға құттықтау тілектерін жеткізді. Мақтаарал ауданының білім бөлімінің басшысы Серік Төребеков білім саласында тынбай қызмет етіп келе жатқан ұлағатты ұстаздарды құттықтады.  Аудандық ата-аналар комиетінің төрағасы Сейткерім Мелдеханов пен аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Шахзада Құрманбаевалар да осы іс-шараға қатысып, ата-аналар тарапынан білім беруші ұстаздарға деген құрметтерін білдірді.

Ұстаздардың төл мерекесінде болашақ ұрпақты тәрбиелеу ісінде жемісті еңбек етіп келе жатқан бір топ мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің Құрмет грамотасымен, облыстық білім басқармасының Алғыс хаттарымен, аудан әкімінің және аудандық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Ардагер ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан гүл шоқтары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мұғалімдер күні жалпы білім саласындағы қызметкерлерге, осы жолда жемісті еңбек еткен ардагерлерге, сондай-ақ білім беру саласындағы жалпы қызметкердерді бүгінгі кәсіби төл мерекелерімен құттықтаған  Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы Алданияз Жолдасов өзінің алғысының риясыз екенін білдірді.  Мерекелік жиында мектептердің  өнерлі оқушылары концерттік бағдарламаларын қойып, ұстаздарға деген құрметтерін көрсетті.

Салтанатты жиынның мерекелік іс-шарасынан соң Мақтаарал аудандық кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға дастархан жайылды.

Ұстаз – ұлы тұлға!

Ұстаз – ұлы тұлға!

Ұстаз – ұлы тұлға!

Ұстаз – ұлы тұлға!

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

Түркістан облысы Ордабасы ауданында «Ұстаздар күніне» орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өтті. Мерекеге білім саласында көп жылдар талмай еңбек еткен 24   ардагер шақырылды.

Мерекелік жиында аудан әкімнің орынбасары А.Оралбаев ұстаздарды құттықтап, үздік ұстаздарды  аудан әкімінің алғыс хатымен 7-адамды және аудандық мәслихаттың грамотасымен 5-адам  марапттады.

Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Б.Еркінбек бірқатар кәсіодақ белсенділерін құттықтады:

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық Бірлестігінің Құрмет грамотасы -5,

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасы -5,

«Ұстаз жолы» қоғамдық қорынан білім саласы қызметкерлеріне арналған «Елеулі еңбегі үшін» төсбелгісімен 1-адамды марапаттады.

Аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасы Ә.Сәдірмек  «Ұстаздар сабақтастығы» мен облыстық білім басқарамасының марапаттарын 6 адамға тапсырды.

Ардагер ұстаздардың мерекелік құттықтауды ардагер ұстаз Амантай Сексенбайұлы мен З.Маханова жалғастырып ,  Зейнеткерлік жасқа келген 10 кәсіподақ мүшелері,

ұстаздарды және ұстаздық еңбек жолын  бастаған 2018-2019 оқу жылында  жұмысқа  қабылданған 5 «Жас мамандарға» еңбек кітапшасын тапсырып марапттады.

Жас маман   «Достық» жалпы орта мекебінің математика пәнінің мұғалімі Орынбасар Бақтияр Амангелдіұлы Қазақстан Республикасының педагогикалық қызметкерінің АНТЫН салтанатты түрде тапсырды.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

«Ұстаздар күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шара.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

Түркістан облысы Түркістан қаласының №24 жалпы орта мектебінде орналасқан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кезекті семинары өтті.   Қаламыздағы білім мекемелерінің кәсіподақ ұйымы жетекшілерінің қатысуымен өткен басқосу түсіндірме жұмыстарына арналды.
Қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Диана Тұрманова семинарды алғысөзімен ашып, басқосудың мақсат-міндеттерін түсіндіріп өтті. Осыдан кейін семинардың негізгі кезеңі басталып, комитет маманы Фархат Дадабаев «Түркістан қалалық білімжәне ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетіне қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру – сайлау жиналыстарын өткізу» тақырыбы аясында түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, комитеттің заңгері Мағжан Есжан жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссияларының жұмысы және оны қалыптастырудың әдістемелік ұсыныстары туралы сөз қозғап, сала қызметкерлерімен жұмыс жасау тәртібімен таныстырды. Қос тақырыпқа байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары да өз ой-пікірлерімен бөлісіп отырды.
Семинар отырысын қорытындылаған Диана Абайқызы мен төрағаның кеңесшісі Гүлжан Әсілбайқызы айтылған тақырыптарға байланысты өз ойларын жеткізіп, осындай басқосулардың бастауыш ұйым басшыларына берері мол екендігін тілге тиек етті.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

КЕЗЕКТІ БАСҚОСУ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛДЫ.

Еңбек ер атандырады!

Жетісай ауданы бойынша «Еңбек күні» мерекесі кең көлемде атап өтілді. Мерекеге байланысты білім мекемелерінде көркем жазулар, стендтер мен плакаттар түріндегі көрнекіліктер жазылып, ілінді.

Ю.Гагарин және С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептерінде еңбек ардагерлерімен кездесулер өткізіліп, 14 ардагерге мереке қарсаңында түрлі марапатпен бірге түрлі сый-сияпаттар табысталды. Мектептер ұжымы мен іс-шараға қатысқан оқушылар ардагер ұстаздардың еңбек жолымен танысып, олардың ағарту саласында атқарған қажырлы жұмыстары туралы ақпараттанды, еңбектің қадірі мен құндылығы туралы ой бөлісті.

Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінде «Еңбек ер атандырады» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, іс-шара қатысушылары еңбегімен танылған тұлғалардың өмір жолдары, туған жерді көркейтуге қосқан үлестері туралы пікіралмасты.

Сонымен қатар, «Еңбек» және Байзақов атындағы жалпы орта мектептерде «Көңілді старт» пен спорттың волейбол түрінен турнирлер ұйымдастырылса, аудандық мәдениет үйінде ұлағатты ұстаздар құрметіне концерттік бағдарлама ұсынылды.

Сондай-ақ, айтулы мерекеге орай, кәсіподақ белсенділері тарапынан қараушысы жоқ ардагерлердің үй шаруашылығына жәрдем беріліп, сауапты істер атқарылса, 18 жұмысқа жаңадан қабылданған қызметкерлерге еңбек кітапшалары салтанатты жағдайда табыс етілді.

«Еңбек күні» мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар туралы қорытындыланып, бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде материалдар жарияланды.

Еңбек ер атандырады!

Еңбек ер атандырады!

Еңбек ер атандырады!

Еңбек ер атандырады!

Еңбек күні мерекесі аталып өтті.

Түркістан облысы Кентау қаласы Ш.Қанайұлы атындағы №2 жалпы орта мектепің спорт залында  «Еңбек күні» мерекесі  аталып  өтті.  2013 жылдың 22 қарашасында  Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып еңгізілген болатын. Еңбек – адам өмірінің мәні. Ешкім де онсыз мұратқа жетіп, биікке шықпайды.  «Еңбек ер атандырады» дейді халқымыз. Сондықтан да тіршілікте бағы жа­нып, абыройы асқандардың бар­лығы да қажырлы еңбекпен биікке жеткен адамдар деп айтуға болады. Кәсіподақтар- азаматтық қоғамның айнымас құрамдас бөлігі ретінде еңбекшілердің әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауды өз қызметінің ең басты міндеті деп танып, мемлекеттің  нығаюына нақты үлесін қосып келеді.Осы мереке кең ауқымда  ұйымдастырылып барлық  білім мекемелерінде  аталып өтті. Еңбек  ардагерлерін  әр  ұжымда тәрбие  сағаттарына, мекеме  ішілік  іс-шараларға шақырып  Еңбек  адамының  қоғамда  алатын  орны  туралы  өскелең  ұрпаққа жеткізе  білді. Іс-шаралардың  соңы  ардагерлерге  деген  сый-құрметке  ұласып, жалғасын  тапты. Осы  іс-шаралардың  қорытындысы ретінде   «Біз еңбек ардагерлерін  құрметтейміз» атты қалалық спартакиадаға  (стол тенннисі, шахматтан)  Кентау қаласы және Кентау қаласына қарасты ауылдардан 50 үміткер қатысты.

 

Шахмат ойынына 30 шахматшы қатысты.

І- орын Мухамедов Ержан шахмат үйірмесінің жетекшісі

ІІ-орын Лян Вячеслав шахмат үйірмесінің жетекшісі

ІІІ-орын Қыдырбаев Серік №2 Ш.Қанайұлы атындағы мектеп

 

Теннис ойынына 20 теннисші қатысты.

Кудретов Уткир -1962ж Ташанақ мектебі І-орын

Айтмаханов Сапарбай -1961ж №2 Ш.Қанайұлы ІІ-орын

Юлдашов Мадихан- 1963ж Ибата мектебі ІІІ- орын

 

Барлық қатысушылар қалалық кәсіподақ комитеті дайындаған бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

Өткізілген  іс-шара барысы    туралы  жергілікті  «Ғасыр» газетіне  мақала

Еңбек күні мерекесі аталып өтті.

Еңбек күні мерекесі аталып өтті.

Еңбек күні мерекесі аталып өтті.

Қарттарым асыл қазынам!

Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитеті “Еңбек күні” мерекесіне байланысты іс-шаралар жоспарын дайындап, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жеткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Ауданның Ломоносов, Төле би, Торайғыров, Өтемісұлы, №139, Жәутіков, Сейфуллин, Амангелді, Окороков, Әуезов, Шәкәрім атындағы жалпы орта мектеп әкімшіліктері мен бастауыш кәсіпоақ ұйымдарының бірлесе өткізген “Еңбек адамына лайықты құрмет” тақырыбында еңбек ардагерлері мен жас мұғалімдердің кезедсуі өткізілді.

Барлық білім беру мекемелерінде “Еңбек күні” мерекесіне орай жазылған көрнекі үгіт сөздер ілініп, сахналар безендірілді.

Еңбек ардагерлері Г.Үмбетова, Ә.Хамитов (Жәутіков ж.о.м.) М.Күнібаева, К.Ибраев (Өтемісұлы ж.о.м.) өздерінің еңбек жолдары жайлы баяндап, жастарға бала тәрбиесіндегі ізгі жұмыстарына табыстар тіледі.

Кездесуге қатысқан барлық ардагерлерге сый-сияпаттар жасалынып, дастархан жайылды.

Б.Майлин, №143 жалпы орта мектебі, Т.Рысқұлов, Панфилов, Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептеріндегі кездесудің соңы концерттік бағдарламалар мен спорттық жарыстарға ұласты.

Аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті еңбек озаттарына марапаттаулар жасы.

Аудандық кәсіподақ комитетінің атқару комитеті мүшелері бастауыш кәсіподақ ұйымдарында болып, іс-шараларға қатысып, еңбек күні  мерекесімен құттықтады.

Қарттарым асыл қазынам!

Қарттарым асыл қазынам!

Қарттарым асыл қазынам!

Қарттарым асыл қазынам!

Қарттарым асыл қазынам!

Мұғалімдер спартакиадасы!

Аудандық білім бөлімінің басшысы  Нұрабаева Ш, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш. және  аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Асанбаев Н. бірлескен шешімімен мұғалімдер спартакиадасының 2018 жылдың қыркүйык айының 15 және 22-сі күндері аймақтық  М.Әуезов С.Сейфуллин, А.Шерімқұлов Б.Оңтаев, Е.Ерназаров М.Исламқұлов, Б.Нұрлыбеков  , «Достық», «Көкарал», «Төрткүл» жалпы орта мектептерінде, қыркүйек айының 29- ы күні Темірлан елді мекеніндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионында және Аманкелді, Ш.Уәлиханов атындағы және Темірлан жалпы орта мектептерінде аудандық кезеңдері өтті.

Спартакида спорттың  волейбол, кіші футбол үстел теннисі, шахмат, кермеде тартылу, кір тасын көтеру, арқан тарту, жерден қолды бүгіп жазу, қол күресі, жеңіл атлетика түрлерінен өтті. Спартакиаданың аймақтық кезеңіне 3621 кәсіподақ мүшесі, оның ішінде 918 әйел, ал аймақтық кезеңіне 426 кәсіподақ мүшесі, оның ішінде 108 әйел қатысты.

Әр спорттың түрі бойынша жеке-жеке кәсіподақ мүшелері байқау Дипломымен марапатталып, сыйлықтар берілді. Жеңіл атлетикадан                     1000 метр қашықтыққа жүгіруден Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ директоры Досыбай Роза жеңімпаз атанып, «Ең үздік басшы-спортшы» аталымына ие болды.

Мұғалімдер спартакиадасы!

Мұғалімдер спартакиадасы! Мұғалімдер спартакиадасы! Мұғалімдер спартакиадасы! Мұғалімдер спартакиадасы! Мұғалімдер спартакиадасы! Мұғалімдер спартакиадасы!

Сайлау алдындағы семинар!

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы жарғысының 7,8 тармағына, Түркістан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы атқару атқару комитетінің 28.02.2018 жылғы №10/4-1 қаулысына және Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Сарыағаш аудандық комитеті атқару комитетінің 29 тамыз 2018 ж №23 қаулысына сәйкес білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық ұйымына кіретін барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында есеп беру, сайлау жиналыстары 2018 жылдың қазан-қараша айларында өткізу жоспарланған.

Қыркүйек айында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары жетекшілерімен аймақтық семинарлар өткізілді.

Алғашқы семинар аудандық кәсіподақ комитетіне қарасты мектепке дейінгі білім мекемелері кәсіподақ комитетінің жетекшілерімен өткізілген, семинарда есеп беру, сайлау жиналыстарын өткізу жөнінде нұсқаулықтармен, жарғылармен таныстырылды.

Есеп беру, сайлау жиналыстарына дайындық, есепті баяндаманы дайындау тәртібі, жиналысты жүргізу, хаттаманы рәсімдеу жайлы тыңдаушыларға құнды мәліметтер берілді.

Есеп беру, сайлау өткізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, жиналысты жүргізу тәртібі, хаттамалар үлгілері таратылып берілді.

Кейінгі семинарлар №136 және Төле би атындағы жалпы орта мектептерінің базасында өткізілді.

Аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков атқару комитетінің №23 қаулысымен таныстырып, есеп беру, және сайлау жиналыстарын өткізу кестесімен, ережелермен таныстырды. Есеп беру жиналысындағы “Есепті баяндаманы” дайындауда көңіл бөлетін мәселелерге тоқталды.

Семинарда кәсіподақ комитетінің мамандары Т.Көкетаев пен А.Аликулов есеп беру, сайлау жиналыстарына дайындық жасау, комитет қаулысын шығару, күн тәртібіндегі мәселелер, хаттамаларды толтыру жайлы әңгімелеп, тиісті ұсыныстар жасады.

Барлық семинар қатысушыларына нұсқаулықтар, ережелер, хаттамалар үлгілері таратылып берілді.

Семинар қатысушыларының ерекше көңіл бөлген құжаты – “Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің 2014-2018 жылдары атқарылған жұмыстары туралы” Журналы болды. Журналда аудандық кәсіподақ комитетінің есепті мерзімдегі жұмысы көрсетілген. Журналда кәсіподақ мүшелерінің, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өсу

диаграммалары, әлеуметтік әріптестік жұмыстары, жұмыскерлердің еңбегін, құқығын қорғаудағы атқарылған жұмыстар, сауықтандыру, мәдени, спорттық іс-шаралар жайлы құнды материалдар түрлі-түсті суреттермен толықтырылған. Журнал көпшіліктің көңілінен шықты.

Семинарларда күн тәртібі бойынша құнды ұсыныстар қабылданды.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы.

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің 12.09.2018 жылғы № 09-04/158 хатына орай 2018 жылдың қыркүйек айының     25 жұлдызында Мақтарал аудандық кәсіподақ ұйымының бастамасымен М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебінде «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті.

Семинар барысында қазіргі қоғамдағы ұстаздардың мәртебесі, білім саласындағы реформалар мен өзгерістер, сонымен қатар ағарту саласындағы кәсіподақ ұйымының рөлі мен мақсаттары туралы баяндалды. Іс-шараны лайықты атап өту мақсатында кәсіподақ ұйымын насихаттау үшін көрмелер әзірленіп, лозунгтер мен плакаттар дайындау  сияқты жұмыстар атқарылды.

Іс-шараның екінші бөлімінде М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі ұстаздарының қатысуымен «Білім сайысы» ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздары аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы.

Рухани жаңғырудың жарқын жолы.

БАҚ-қа мақала

«Мұғалімдер күні және Еңбек күні» мерекелері қарсаңында өнерпаз ұстаздар байқауын өткізу мақсатында Ордабасы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің 24 тамыз 2018 жылғы № 741 бұйрығы мен Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің № 27-2 қаулысымен бірлескен шешім қабылданып, байқаудың ережесі бекітілді.

Байқаудың бірінші кезеңі (аймақтық) 2018 жылғы 15 қыркүйек күні сағат 10.00-де 5 аумақта іріктеу өткізілді. Іріктеу кезеңінде мына төмендегі қызметкерлер жауапты болып бекітілді.

1. Қажымұқан, «Шұбар» аймағы – «Кәусар» гимназиясының мәжіліс залы,

Сараптау тобы:1. Маханова З.-кәсіподақ комитетінің кеңесшісі,

2. Омарова Г– аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері, топ жетекшісі,

3. Абуталипова А – «Өнер» мектебінің директоры.

2. «Бадам», «Бөржар» аймағы – С.Сейфуллин атындағы жом мәжіліс залы

Сараптау тобы:1. Досқара Р – аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері-топ жетекшісі,

2. Шымырова Қ. – Аудандық «Өнер» мектебі Бадам филиалының

меңгерушісі,

3. Мырзанова А. – А.Шерімқұлов атындағы жом БКҰ төрағасы,

3. «Қараспан» аймағы: Тәукехан атындағы жом мәжіліс залы

Сараптау тобы:1. Мұратбек Ұ – ауд.әдістемелік кабинеттің әдіскері-топ жетекшісі,

2. Кемелбеков Қ – аудандық «Өнер» мектебінің мұғалімі,

3. Исабек Т.– Жамбыл атындағы жом БКҰ төрағасы,

4. «Бөген», «Жеңіс», «Қарақұм», «Төрткүл» аймағы – «Көкарал» жом мәжіліс залы,

Сараптау тобы:1. Реңдібаева С – ауд.әдістемелік кабинеттің әдіскері-топ жетекшісі,

2. Байділдаев Бағдат – «Өнер» мектебінің мұғалімі,

3. Қоңырбай Б.– Ө.Тұрманжанов атындағы жом БКҰ төрағасы,

5. «Шұбарсу» аймағы – «Атамекен» жом мәжіліс залы,

Сараптау тобы: 1. Бәкір Т. – аудандық әдістемелік кабинеттің әдіскері-топ жетекшісі,

2. Қошаев М.- «Өнер» мектебінің мұғалімі,

3. Каненова С.– Б.Нұрлыбеков ат.жом директорының орынбасары.

5 аумақ бойынша сарапшы топтың шешімімен байқау Ережесінің талаптары қатаң басшылыққа алынып 17 кәсіподақ мүшесі 2018 жылғы 22 қыркүйек күні сағат 10.00-де аудандық Мәдениет үйінде өткізілетін байқаудың екінші кезеңіне (аудандық) жолдама алды.

Аудандық байқаудың қазылар алқасының құрамы:

1. Абуталипова А – «Өнер» мектебінің директоры,қазылар алқасының төрағасы,

2. Балабиева Г.- ауд.мәдениет үйінің директоры, мүшесі (келісімімен),

3. Мұратбек Ұ – аудандық білім бөлімінің әдіскері,мүшесі,

4. Алтынбекова Э.- Ордабасы аудандық кәсіподақ комитетінің маманы, мүшесі,

5. Қоңырбай Б.– Ө.Тұрманжанов атындағы жом БКҰ төрағасы, мүшесі.

Байқауға қатысушы үміткерлердің он жетісі де сахналық мәдениетті сақтап киінген, талапқа сай дайындықпен келген.

Байқаудың басты мақсаты Мұғалімдер және Еңбек күні мерекелерін атап өту, ұлттық кұндылықтар мен өнерді насихаттау, өнерлі ұстаздарды анықтау ,жұмыскерлердің мәртебесін көтеру, бірліктің маңыздылығын арттыру, өзара шығармашылық байланысты нығайту болатын.

Үміткерлеріміз туған жерге, елге деген шынайы сүйіспеншілігін өлең сөзбен өрнектеп жеткізген танымал ақындардың, сазгерлердің әндері мен шығармаларын орындау бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Байқауға қатысушылар ереже бойынша эстрадалық, дәстүрлі, академиялық әндер,т.б., жеке аспапта шығарма орындау, би,цирк өнері,т.б-да өнерлерін ортаға салу болатын.

Аудандық байқауда кәсіподақ мүшелері өздерінің өнерлі екендіктерін бірі домбырада, бірі баянда дәстүрлі және халық әндерін орындаса, бірі эстрадалық әндермен көрермендердің көңілінен шықты, бір қатар ұстаздарымыз мың бұрала би билеп, шешендік өнерлерімен ерекшеленді.

Байқаудың қорытындысын хабарлау үшін қазылар алқасының төрағасы, «Өнер» мектебінің директоры А.Абуталипова байқау қорытындысын жариялап, өнерпаздарға алғысын білдіріп, байқауға қатысушы 13 үміткерге ынталандыру дипломы мен сыйлық тапсырды.

1. Акишева Айман Төлебайқызы К.Омаров атындағы жалпы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі

2. Әбен Мейіргүл Арапбайқызы «Қызғалдақ» балабақшасының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

3. Сопбекова Маржан Ордабасы аудандық оқушылар үйінің музыканты

4. Серкебаева Таттигул Турыбаевна Тәукехан атындағы жалпы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

5. Шойғараева Ақтолқын Оразалықызы «Ынтымақ» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

6. Атеева Наргиса Нишанбаевна С.Ысмайлов атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі

7. Буксикбаева Назгул Канымергенкызы «Шұбар» жалпы орта мектебінің .мұғалімі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

8. Биболат Замира Қалмаханқызы Қ.Сыпатаев атындағы жалпы орта мектебінің техқызметкері

9. Досқұл Гүлмира Кәрімқызы Ш.Есенберлина атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

10. Муратова Ботакоз Алмасовна «Атамекен» жалпы орта мектебінің геогарфия пәнінің мұғалімі

11. Сейітқасымов Асхат Кушербаевич С.Ысқақов атындағы негізгі орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

12. Садыбаева Мөлдір Ермаханқызы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

13. Сатенова Зебо Сапарқызы Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінің даярлық тобының мұғалімі

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.С. байқау жеңімпаздарын марапаттады.

III орын иеленген жеңімпаз «Қызылжар» жалпы орта мектебінің бейнелеу және сызу пәнінің мұғалім Қошқарбеков Нұрсұлтан Боранбайұлына 10 000 теңгенің марапат сертификатын, II орын орын иеленген жеңімпаз М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пайзова Алия Балабекқызына 15 000 теңгенің марапат сертификатын, I орын орын иеленген жеңімпаз «Ақбұлақ» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асанова Эльмира Сайлаубекқызына 20 000 теңгенің марапат сертификаты Бас жүлде иеленген жеңімпаз Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Серикбаев Гарифулла Махсутұлы 25 000 теңгенің марапат сертификатын тапсырды.

БАҚ-қа мақала БАҚ-қа мақала БАҚ-қа мақала БАҚ-қа мақала БАҚ-қа мақала

1 32 33 34 35 36 37