Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж.

Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес облыстық, қалалық және аудандық кәсіподақ комитеттерінің бас есепшілерімен аппарат мамандарының қатысуымен семинар болып өтті . Семинар барысында,Кәсіподақ қоғалысы туралы бейнебаян көрсетіліп, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кадр саясаты Концепциясы жобасы ,Жергілікті кәсіподақтар туралы.Кәсіподақ ұйымдарындағы қаржы жұмысы , Кәсіподақ қызметкерлерінің этикасы және кәсіодақ ұйымдарындағы іс-қағаздар жүргізу және есеп берудің түрлері,Әлеуметтік әріптестік,Екі жақты келісім мен Ұжымдық шарттар ,Кәсіподақ органдарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары туралы мәселелер айтылып,талқыланды.Семинар қатысушыларына күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша анықтамалық құжаттар мен әдістемелік нұсқаулар және кәсіподақ жетекшілеріне көмек ретінде,қажетті құжаттар енгізілген диск таратылды.

Семинар соңында облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы З.Маханова кәсіподақ комитетінің мерейтой иелерін және туылған күн иелерін құттықтап,бағалы сыйлықтар тарту етті.

Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж. Шымкент қаласы «Grand Hotel» қонақ үйінің мәжіліс залында 13.05.2017ж.

05.05.2017ж. күні Ордабасы ауданы «Атамекен»

05.05.2017ж. күні Ордабасы ауданы «Атамекен» жалпы орта мектебінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігінің атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісі болып өтті.Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне,атқару комитетінің мүшелері,облыстық аппарат қызметкерлері және аудандық,қалалық кәсіподақ комитет төрағалары қатысты.

Атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісінің күн тәртібінде:

  1. Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымының Еңбек тәртіптемесі қағидалары жобасы туралы .
  2. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кадр саясаты Концепциясы жобасы туралы.
  3. Келес аймақтық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Қырғызәлиевтің үстінен жазылған арызды тексеру қорытындылары туралы.
  4. Облыстық кәсіподақ комитетінің істер номенклатурасы туралы.
  5. Облыстық кәсіподақ комитеті аппараты қызметкерлерінің атқаратын қызметтік міндеттері жайлы мәселелер қаралды.

Бірінші мәселе бойынша облыстық комитет төрағасы З.Маханова, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 23 және 63 бабтарының талаптарын негізге ала отырып,жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақытын, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары және еңбек қатнастарын реттеудің өзгеде мәселелерін белгілеу мақсатында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Оңтүстік Қазақстан облыстық ұйымы»Қоғамдық бірлестігінің Еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту туралы атқару комитетінің кеңейтілген мәжілісіне ұсыныс білдірді.

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының кадр саясаты Концепциясы жобасы туралы облыстық кәсіподақ комитетінің төраға орынбасары А.Абуов сөз алып, аудандық,қалалық кәсіподақ комитеттері төрағаларына жергілікті жерлерде талқылау жүргізіп тиісті ұсыныстар беруді тапсырды.

Кеңейтілген мәжіліс соңында облыстық комитет төрағасы З.Маханова, ер азаматтарды 7 Мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтап бағалы заттармен сый-құрмет жасады.

05.05.2017ж. күні Ордабасы ауданы «Атамекен» 05.05.2017ж. күні Ордабасы ауданы «Атамекен»

1 33 34 35