Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.)

«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай аудан көлеміндегі білім мекемелерінде Түркістан облысы, Жетісай аудандық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен бірнеше іс-шаралар өтті.

«Еңбек» жалпы орта мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып, мектептің БКҰ төрайымы К.Исмаилованың бастамасымен «Желтоқсан оқиғасы туралы үздік көрініс» байқауы өткізілді. Пән бірлестіктерінен құралған топтар арасында өткен сайыс тартысты да қызықты, мазмұнға бай өтіп, көпшілік көңілінен шықты. Қазақ тілі пән бірлестігі І, тарих пән бірлестігі ІІ, ал бастауыш сынып пәні бірлестігі жүлделі ІІІ орынды иеленді.

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінде Тәуелсіздік күніне орай пән бірлестіктері арасында шикізат көрмесі өткізілді. Кәсіподақ мүшелері алдын-ала жеребе тарту арқылы анықталған материалдар – темір, платмасса, ағаш, қағаз, фетр, картон т.б. шикізат түрлері арқылы Тәуелсіздік күніне қатысты түрлі орнамент, заттар мен құралдар дайындап бақ сынасты. Өте жоғары деңгейде өткен шара туралы «Санұр» телеарнасында хабарланып, мектеп басшысы Ғ.Шукурбаева мен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбековтердің арнайы сұхбаттары берілді. Тартысты да мазмұнды өткен ерекше байқауда бастауыш сыныптар пән бірлестігі жеңімпаз атанса, ағылшын тілі пән бірлестігі екінші орынды қанағат тұтты, ал тарих және география пәндері бірлестігі жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды.

Тәуелсіздік мерекесі І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінде де лайықты атап өтіліп, кәсіподақ мүшелері мерекеге орай «Әрбір ұстаз – бір жұлдыз» ұранымен «Екі жұлдыз» өнер байқауында бақ сынасты. Мектеп басшысы С.Шаулиеваның өзі бастап қатысқан байқау қызықты да тартысты өтті. Әр жұп мектеп әкімшілігі мен ұстаздардан құралып, тек ән айту емес, білімі мен тапқырлығы бойынша да сынға түсті. Сайыстың бірінші кезеңінде жұптар мақал-мәтел айту мен түрлі педагогикалық жағдаяттан шығу бойынша өнер көрсетсе, екінші кезеңде еркін тақырыпта ән айту арқылы жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады. Соңғы сәтте ұпайлары бірдей болып тең түскен екі жұп тек қосымша тапсырма арқылы ғана жеңімпазды анықтады. Тартысты да қызықты өтіп, көпшіліктің қолдауы астында өткен байқауда аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбековтың төрағалығымен құрылған қазылар алқасы М.Үкібаев пен З.Юсупова жұбын екінші орынға лайық деп тапса, Н.Лесбеков пен С.Шаулиева тобына бас жүлдені тарту етті.

Айтулы мереке Г.Титов атындағы жалпы орта мектебінде де ерекше өтіп, мектеп ұжымы оқушылармен бірге атсалысып тәрбиелік іс-шара  ұйымдастырды. Шара барысында ұстаздар мен оқушылардың орындауында еліміздің Тәуелсіздігіне байланысты әндер шырқалып, әсем билер  орындалды. Сонымен қатар, оқушылардың қатысуымен Тәуелсіздік тақырыбына қолөнер көрмесі ұйымдастырылып, онда шәкірттеріміз туған өлке тарихы мен еліміздің Егемендігі туралы өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Жас өнертапқыштарымыздың жоғары талғаммен жасаған бұйымдары көпшілік сүйіспеншілігіне бөленіп, аса үлкен қызығушылықтарын тудыра білді.  Іс-шараны мектеп басшысы М.Сапарханов қорытындыласа, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы ұйымдастырушыларды арнайы Алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар ұсынды.

Тәуелсіздік мерекесіне орай тағы бір айтулы шара Қазыбек би ауылдық округіне қарасты мектептер арасында өткізілді. Кәсіподақ мүшелерінен құралған командалар спорттың волейбол түрінен өткен байрақты бәсекеде бақ сынасты. Барлығы 6 команда қатысқан турнирде №16 жалпы орта мектебі І орынды иеленсе, «Түркістан» жалпы орта мектебі ІІ орын, ал Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебінің командасы ІІІ орынға лайық деп танылды. Жеңімпаз бен жүлдегер командалар  және турнирдің үздік ойыншылары мен төрешілері аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан арнайы марапаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.) Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.) Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.) Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.) Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.)

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.) Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.) Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.) Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! (Түркістан обл,Жетісай ауд.)

Тәуелсіздік – тұғырым!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің  27 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында  Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитеттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік шараға Мақтаарал ауданының құрметті азаматтары, Мақтаарал ауданы қоғамдық кеңесінің және Мақтаарал ауданы ата-аналар комитетінің төрағасы С.Мелдеханов, Мақтаарал ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы  С.Оңғаров, Мақтаарал ауданы әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сыныптасы Р.Төлемісова, Мақтаарал ауданы маслихатының депутаты Б.Абилов,  Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен мектеп директорлары және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен төрайымдары қатысты.

Мерекелік шара барысында жақсы жетістіктерге жеткен ұлағатты ұстаздарды салтанатты түрде марапттау рәсімі өткізіліп, мерекелік бағдарламамен жалғасын тапты. Қазақстан Республикасының  27 жылдық мерейлі мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсіздік – тұғырым!

 

Тәуелсіздік күні (Ордабасы ауданы)

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитеті аудандық мәдениет үйінде тәуелсіздік мерекесін тойлады.Мерекеге қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Тілеубердиев А.С, облыстық кәсіподақ комитетінің маманы Қорғанбаев Ж.А, аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Сатқанбаев К, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сәрсенбеков М.Т, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәдірмек Ә.Ш құттықтап, озат жұмыскерлер,мерейтой иелері,облыстық «Табысты  менеджер-2018» байқауының жүлдегерлері мен кәсіподақ белсенділері көтермеленіп,оларға құрмеи көрсетілді.Сондай –ақ «Менің елім!» шығармашыл ұстаздар байқауының жеңімпаздарына да Дипломдар мен сыйақылар табыс етілді.Шығармашыл педагогтардың өнерін дәріптеп,жұртшылық алдында насихаттау үшін  мерекеде олардың авторлық шығармалары орындалды.Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары: Исабаев Ә.Б, Рахиев У.Р, аудандық мәслихат депутаты Тағаев Б.Т және жеке кәсіпкер Бекеева Н мерекелік құттықтау ретінде 450 кәсіподақ мүшесі мен өнер  көрсеткен және сый –сияпатты ұсынған 50 бала мен олардың жетекшілеріне 500 дана «Қазақстан» шокаладын сыйлады. Мереке барысында кәсіподақ мүшелері «Болашақ ұрпақ» жекеменшік бөбекжай балабақшасының және облысымызға белгілі өнер иелері мен бишілер тобының өнерлерін тамашалап,көтеріңкі көңіл күймен тарқасты!Құрметті аудан және қаладағы әріптестер! Барлығыңызды да алдағы келе жатқан мерекемен және өмірлеріңізде болып жатқан табысты сәттерімен, жеңістермен, жетістіктерімен, жағымды жаңалықтармен шынайы көңілмен құттыұтауға рұқсат етіңіздер!Болаттай денсаулық пен үлкен абырой, шынайы құрмет сенімді серіктеріңіз болсын!

Тәуелсіздік күні (Ордабасы ауданы)

Тәуелсіздік күні (Ордабасы ауданы)

Тәуелсіздік күні (Ордабасы ауданы)

Тәуелсіздік күні (Ордабасы ауданы)

 

Түркістан облысы (Ордабасы ауданы)

Кеңейтілген кеңес!

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді-мекенінің аудандық мәдениет үйінде білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитетінің кеңейтілген кеңесі өтті. Кеңейтілген кеңес мәжілісіне кеңес мүшелері, аудан әкімінің экономика және әлеуметтік сала жөніндегі орынбасарлары: Оралбаев А.Ә, Тілеубердиев А.С, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Сатқанбаев К, ҚР “Атамекен” ҰКП адами капиталын дамыту департаменті Ордабасы аудандық филиалының директоры Ақмұратов Н.Ж, әлеуметтік-әріптестік комиссия мүшелері, білім беру ұйымдарының жұмыс берушілер мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ комитеті тексеру комиссиясы құрамының өкілдері, мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңестің күн тәртібі:

Аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі, ҚР “Атамекен” ҰКП адами капиталын дамыту департаменті Ордабасы аудандық филиалы мен білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Ордабасы аудандық комитеті арасындағы 2019-2021жж арналған әлеуметтік-әріптестік Келісімді қабылдау.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кәсіподақ комитетінің төраға кеңесшісі З.С.Махановаға сөз берілді. Баяндамашы Келісім жобасын таныстырар алдында ҚР ЕК талаптарына сәйкес комиссия құрылып, Тараптар арсында келіссөз жүргізілгені және жобаның алдын-ала Тараптар мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарына бірнеше ай бұрын берілгені, жобаның бірлескен мәжілісте, семинарда және кәсіподақ төрағаларымен өткен кездесуде талқыланып, есеп беру-қайта сайлау жиындарында да әңгіме болғаны, Келісімнің бастапқы жобасына 15 ұсыныс берілгені және қаржы мәселесіне байланысты тұстарын нақтылау үшін аудандық бюджеттік комиссия мен депутаттық корпус депутаттарының алдына дейін мәселе қойылғаны туралы ескеріп өтті. Нақты берілген ұсыныстармен толықтырылған жаңа жобасы баяндалып, кеңес мүшелерінің талқылауына ұсынылды. Келісім жобасына байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары : Ибадуллаева А, БектемисовЖ, және жұмыс беруші М.Қырықбаев тарапынан іссапар шығыны, мерзімінен бұрын аттестаттау, Келісім жобасына берілген 1- ші қосымша , сабақ кестесінің жасалуы және жекеменшік балабақша жұмыскерлеріне уақытша еңбекке жарамсыздық ақысын төлеужөнінде сұрақтар қойылып, заңнамалар шеңберінде жауап берілді және сұрақ қоюшылар жауапқа түсінгендігін білдірді. Жарыссөзде сөйлеген жұмыс беруші Накипов М және БКҰ төрағалары: Қалтай Г және Бектемисов Ж Келісім жобасы туралы пікірлерін айта келе, қолдайтындықтарын  және кеңес мүшелері тарапынан қарсылық болмайтындығына сенім білдірді. Төрағалық етуші Сәдірмек Ә,Ш Келісім жобасы бойынша айтылған ұсыныстар мен пікірлерді басшылыққа ала отырып, қаулы жобасын оқыды және кеңес мүшелеріне жобаны дауысқа салып, бекітуді ұсынды.Ұсыныс дауысқа салынып, бірауыздан бекітілді. Соңынан Келісімге Тараптардың қолдары мен мөрлері  қойылып, 2019-2021жж. арналған әлеуметтік-әріптестік Келісімнің қабылдануымен Тараптар: Сәрсенбеков М.Т, Ақмұратов Н.Ж, Сәдірмек Ә,Ш. бір- бірін құттықтап, қол алысып, сәттілік тіледі.

Түркістан облысы (Ордабасы ауданы)

Түркістан облысы (Ордабасы ауданы)

Түркістан облысы (Ордабасы ауданы)

Түркістан облысы (Ордабасы ауданы)

Сайрам ауданы

29. 11. 2018 жылы  күні Түркістан облысы  , Сайрам ауданы , № 20С.Сейфуллин атындағы мектеп –гимназиясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай  «Елбасы- ел тірегі!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға аудандықкәсіподақ комитетінің төрайымы М.Сейдалиева, мектеп ата-аналар комитетініңтөрағасы, еңбек ардагерлері қатысты. Құттықтау сөздерімен аудандық кәсіподақкомитетінің төрайымы М.Сейдалиева,  мектеп директоры Сейіткулова У., оқу-ісіжөніндегі директор орынбасары Ж.Жумашева шықты. Іс шараның басты мақсаты:оқушыларға Президентіміз Н.Ә.Назарбаев туралы мәлімет беру,сан қырлы талантиесі, құдіретті тұлға екенін таныту, елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемгетанытып, алаш  баласының абыройын ақсақтапЕлбасының кісілік келбетін меңгерту. Жасөспірімдерді отанын сүюге, елжандылыққа, елі сүйген Елбасынан  үлгі алуғатәрбиелеу. Соңында мектеп оқушылары күшімен концерттік бағдарлама қойылды. 

Сайрам ауданы
Сайрам ауданы
Сайрам ауданы

«1 ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ»

29қараша  2018жылы   Жол-көлік колледжінің   АКТ залында                                  «1 ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ   КҮНІ» мерекесіне орай,                 «Елін сүйген, елі сүйген –Елбасы!»  аттысалтанатты жиналыс болып өтті. Мерекелік жиынға  Жол-көлік колледжінің директоры    Искакова Гүлзат Үкібайқызы, Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Башенов Ұлықпан Мусинұлы, Абай ауданы әкімінің орынбасары Қасымбеков Талғат Нәбиұлы, Түркістан облыстық  Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Әуезханов Серік Елемесұлы, Түркістан облыстық  білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  маманы Қорғанбаев Жандос Алтынбекұлы қатысты.        Мерекелік жиын  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Әнұранымен ашылып,  Тұңғыш Президент Н.Назарбаев туралы деректі фильм көрсетілді.   Жол-көлік колледжінің директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Ешимов Берік Рахманбердіұлы «Ұлы даланы дәріптеген Елбасы» тақырыбында баяндама жасап, Елбасының өмір өткелдеріне,  еңбектеріне тоқталды. Алғаш болып Жол-көлік колледжінің директоры Искакова Гүлзат Үкібайқызы  құттықтау сөзін жеткізді.  Келесі болып өз құттықтауларымен сахна төріне      Абай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Башенов Ұлықпан Мусинұлы, Абай ауданы әкімінің орынбасары Қасымбеков Талғат Нәбиұлы, Түркістан облыстық  Кәсіподақтар орталығының төраға орынбасары Әуесханов Серік Елемесұлы, Түркістан облыстық  білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының  маманы Қорғанбаев Жандос Алтынбекұлы көтерілді. Қонақтар құттықтауларын білдіріп,әрқайсысы өз тараптары бойынша төмендегідей марапат жасады:  

  1. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп,сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін Құрмет Грамотасымен  Нышанәліұлы Бауыржан марапатталды.
  2. Қоғамдық марапаттар мен атақтар жөніндегі Республикалық Кеңес Еліміздің оқу-ағарту ісіне сіңірген еңбегі үшін

«Білім беру саласының үздігі» құрметті атағымен

Кожаева Айжан Туктибаевна  және Актуреева Жанна Шамшибековна марапатталды.

  • Аудан әкімі  Б.Пармановтың Алғыс Хатымен: 

  Тәжібекова Гүлназ Сансызбайқызы

  Тілепбергенов Сәттімбек Шеранұлы

            Қуанышбекова Жанна Бегімбекқызы марапатталды.

  • Түркістан облыстық кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен Аймишев Қайрат Егембердіұлы және Рыстанбекова Жансулу Миркаевна марапатталды.
  • Қазақстандық Салалық Білім және Ғылым қызметкерлері Кәсіптік Одағының Түркістан Облыстық Ұйымы Кәсіподаққа Еңбегі Сіңген Қызметкер Төс Белгісімен Садыков Мамуржан Нурматович  және Рахматуллаева Гулфайруза Искендировна марапатталды.
  • «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Қоғамдық бірлестігі. Білім беру жүйесінде, сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғауда атқарған көп жылдық мүлтіксіз және белсенді еңбегі үшін  Құрмет Грамотасымен:            

                 Турганбаев Альмен Каппарович

                 Караева Манзура Мирхайдаровна

                 Орманова Молдир Нышаналиевна

                 Джанашова Замира Дуйсенхановна марапатталды.

Мереке соңы Елбасы Н.Назарбаевтың авторлық әндерімен жәнеПрезидент қызыға тыңдайтын мәдени туындылармен аяқталды.

«1 ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ»
«1 ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ»
«1 ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ»
«1 ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ»
«1 ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ»
«1 ЖЕЛТОҚСАН-ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ»

Ерекше сайлау

28.11.2018ж. күні Түркістан облысы, Ордабасы ауданы С.Сейфуллин атындағы ЖОМ-да бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп бері-қайта сайлау жиналысы жаңа форматта өтті. Жұмыс беруші Омаш С.Ш. тәжірибелі және жаңашыл жұмыс беруші, бастауыш кеәсіподақ ұйымының төрағасы Тасболатов С.Т. болашағынан мол үміт күттіретін азамат, нағыз кәсіподақ лидері!              Білім саласында деңгейлік оқыту мәселесі басталғалы бері білім саласындағы өзгерісті кәсіподақтың да жұмысына неге пайдаланбасқа. Мектеп түгел ұжымымен жиналысқа тиянақты дайындалған. Тараптар аса жауапкершілікпен мән берген. Бастауыш кәсіподақ ұйымы және тексеру комиссиясы төрағаларының есептерінің жобасымен ұжымның әрбір мүшесі алдын-ала таныстырылған, белсенділік өте жоғары. Есеп бойынша 172 кәсіподақ мүшесінен 166 адам қатысты (3-уі бала күту демалысында,3-уі себепті жағдайларға байланысты сұранған.) Екі баяндамада тыңдалды. Баяндаманы талқылап, баға беру және ұсыныстар жасау үшін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрт комиссиясының мүшелерінен төрт сараптама тобы жасақталып, әр топтың жетекшісі жарыссөзге шығып, топтың ортақ пікірінбаяндады. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысының жақсы жақтары жөнінде «Шебер ұстаз» біліктілік санатының иесі                    Савьелева С, кәсіподақ жұмысының әлсіз жақтары жөнінде тәжірибелі ұстаз Тұрған Ә,  Монтаева А, күтілетін қауіп-қатер жөнінде тәжірибелері аудан көлемінде таратылып жүрген ұстаздар: Жарқынбекова С, Қойжігіт Ш  ұсыныстар жасау бойынша мектеп психологы жас маман Көмешбай Р тағы басқа кәсіподақ мүшелері пікірлерін ортаға салып, сол айтылған пікірлер мен ұсыныстар негізінде жиналыстың қаулы жобасы оқылып, бекітілді. Залда отырғандардан әр топқа жазбаша түрде ұсыныстар түсіп жатты. Жиналыстан бірде-бір кәсіподақ мүшесі тыс қалмады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Тасболатов С.Т. қайта сайланды. Кәсіподақ белсенділері төрағаны қайта сайланумен құттықтап, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Ерекше сайлау

Ерекше сайлау

Ерекше сайлау

Ерекше сайлау

Ерекше сайлау

Ерекше сайлау

Ерекше сайлау

 

Оқу-семинары – Жолдау

Жетісай ауданы бойынша білім мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ

ұйымы төрағаларымен «Кәсіподақтар – әлеуметтік сала жұмысының белсенді қатысушылары» тақырыбында оқу-семинары өткізілді. Семинарда  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталған Жолдауындағы білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәселелері, әсіресе, Президентіміздің білім саласына қатысты айтқан  «Тұрмыс сапасын арттыру» деп айдарланған жетінші бөлімдегі  білім берудің жаңа сапасы, жаңа оқу бағдарламасының мақсаттары, «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы туралы әңгіме өрбіді. Кәсіподақ белсенділері Елбасы Жолдауында айтылған мәселелер бойынша ұйым мүшелерінің алдағы атқаратын жұмыс жоспарларын айқындап, игілікті іске үлес қосу мәселелері жөнінде пікірлесті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында еліміз бойынша кең көлемде атап өтілетін «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мерекесіне дайындық жұмыстары, атқарылатын жұмыстар мен ұйымдастырылатын іс-шаралардың танымдық-тағылымдық мазмұндары, көркемдік-эстетикалық тұрғысынан қойылатын талаптар туралы келелі ойлар айтылды.

Жиын соңында білім мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысы, оның міндеттері мен мақсаттары, негізгі жұмыс бағыттары мен кәсіподақ мүшелерінің құқықтары туралы пікіралмасу ұйымдастырылып, қатысушылармен диалог жүргізілді. Соңынан аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Ниязбеков семинар жұмысын қорытындылап, барлық әріптестерге белсенділіктері үшін алғыс білдірді, жиында қаралған мәселелер бойынша шығарылған шешімдерді оқып таныстырды.

Оқу-семинары - Жолдау

Оқу-семинары - Жолдау

Оқу-семинары - Жолдау

 

«1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» Қалалық кәсіподақ комитетінде аталып өтті

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті       «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізді. Жиын «Елі сүйген – Елін сүйген Елбасы” тақырыбында бейне роликпен ашылды. Балалар мен жасөспірімдер орталығының үйірме мүшелерінің Елбасына арналған жүрек жарды арнауына ұласты. Қала әкімінің орынбасары Рысбеков Ғани Құрмашұлы салтанатты жиынға қатысушыларды құттықтап,  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы мен Түркістан облысы білім басқармасының «Мақтау қағазымен» кәсіподақ белсенділері Амангелді жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рустем Асаинды, Айгөлек бала бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдулханова Есенкулді, №5 Қ.Рысбеков атындағы мектеп интернатының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қошанов Нұрлыбекті марапаттды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық кәсіподақ ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркінбек Бақыт Сейтжаппарұлы Түркістандық әріптестерге және кәсіподақ белсенділеріне толағай табыстар тілей отырып, ерекше жұмыстарымен көзге түскен кәсіподақ ұйымының белсенді мүшелерін Қазақстандық салалық білім және ғылым  қызметкерлері кәсіптік одағының «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп – гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  директоры Құдайбергенов Дәулетбек Сазанбекұлын марапаттап, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісін  Ғ.Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебінің директоры Әмреев Оразбек Жумабековичке, Айгүл бала-бақшасының меңгерушісі Турежанова Гульмира Нурмахановнаға, Ұлықбек атында жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Юлдашов Умхан Файзуллаевичқа, М.Балақаев атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мыңтаев Есиркеп Абдулкаримовичке, А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Джусипов Орынбасарға, Майдантал жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Сағындық Ғани Темірханұлына табыс етті.

Балалар мен жасөспірімдер орталығының өнерлі жеткіншектері ән – шашу арнады.

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің кеңесшісі Әсілбаева Гүлжан Әсілбайқызы салтанатты жиынға қатысушыларды ерекше ықыласпен құттықтап, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің «Мақтау қағазын» Балғын ясли бала-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы  Бегалиева Торқалыға, Ертөстік бала-бақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Айтаханова Шолпанға, Кешкі мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Байғотанова Заурешке, Жас туристер станциясы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Тұрсын Ермекке, Шойтөбе шағын жинақталған бастауыш мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Жанабекова Гульзипаға тапсырды. Кәсіподақ беделін арттыруда аянбай еңбек ете берулеріне тілегін білдірді.

Ерекше құттықтау сөзден кейін балалар мен жас өспірімдер орталығының өнерпаздары патриоттық ән жолдады.

Білім саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Міндетбаев көп жылдар бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған, елеулі еңбегімен, кәсіподаққа сіңірген еңбегі мол ардагер ұстаз, бүгінгі таңға дейін бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларының президенті аталып келген М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметін атқарған Тұрысбеков Мырзабай Әлмаханұлының зейнеткерлік жасқа жетуімен құттықтап, Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің «Мақтау қағазымен», заттай сыйлығымен марапаттады.

Жиынды қортындылау және құттықтау сөз кезегі Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Турманова Диана Абайқызына берілді. Сөз кезегінде төраға Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуына байланысты, бізден бөлінген ауыл округтеріндегі білім саласы қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мекеме басшыларының кәсіподақ саласын дамытуда қосқан үлестерін, жетістіктерін айта келіп Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің «Мақтау қағазымен» Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Азизов Гозихонды,  «Тажиниса ана» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Ярмухаммедова Малохатты, «Ақ көгершін» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Исабеков Қайратты, «Жауқазын» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Таджибаев Азизбекті,  Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мамбетов Бақытты марапаттады

Салтанатты жиын соңы Әні: Бекболат Тілеуханов, сөзі: Нұрсұлтан Назарбаевтың «Елім менің» әнімен жалпы орындауда аяқталды.

 

«1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» Қалалық кәсіподақ комитетінде аталып өтті «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» Қалалық кәсіподақ комитетінде аталып өтті «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» Қалалық кәсіподақ комитетінде аталып өтті «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» Қалалық кәсіподақ комитетінде аталып өтті «1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күні» Қалалық кәсіподақ комитетінде аталып өтті

Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесін дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңес.

2018 жылдың 15 қарашасында Шымкент қаласында «Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесін дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді. 16 қараша күні Түркістан облысы Түркістан қаласында семинар-кеңес жалғасты. Семинарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Ғапуұлы, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы, ҚР “Атамекен” ҰКП адами капиталын дамыту департаменті директорының орынбасары Шонаева Ляззат Жаббарқызы және облыстық, қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағалары, үш жүзге тарта білім саласының басшылары, басшы орынбасарлары және әдіскерлері қатысты.

Семинар кеңестің мақсаты: «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі дамуының өзекті мәселелерін талдау». Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі техникалық және кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Ғапуұлы «Техникалық және кәсіптік білім беру  жүйесін дамытудың проблемалары және перспективасы» тақырыбында ой қозғап, келелі мәселелерді атап өтті.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрағасының орынбасары Мұқашева Айгүл Мақсатқызы Білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының жұмысы жайлы толық мәлімдеме жасады.

ҚР “Атамекен” ҰКП адами капиталын дамыту департаменті директорының орынбасары Шонаева Ляззат Жаббарқызы «Дуалды оқытуды дамыту және колледждер рейтінгісін енгізу»  тақырыбында баяндама жасады. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы  Ақерке Абылайхан Шымкент қаласы техникалық және кәсіптік білім жүйесінің дамуы туралы ақпарат берді. «Қаржылық орталық» АҚ білім беруді мемлекеттік қаржыландыру жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары Кедесова Айнұр Амангелдіқызы «ТжКББ жүйесін жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу мәселелер туралы» баяндама жасады. М.Өтебаев атындағы жоғары технологиялар колледжі директорының оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Шалдарбеков Ахмед Молдабекұлы қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізу мәселелерін атап өтті.

Семинар – кеңес сұрақ және жауаптармен жалғасын тауып, кәсіподақ белсенділерінің көкейлерінде жүрген мәселелер талқыланды. Семинар кәсіподақ белсенділері үшін рухани ақпараттық берері мол кеңес болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесін дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңес.

Техникалық және кәсіптік білім беру» жүйесін дамыту мәселелері бойынша семинар-кеңес.

1 68 69 70 71 72 76