«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қоладуымен 18 наурыз күні «Ақ алтын» мәдениет үйінде «Білімді ұрпақ – болашақ жетістігі» атты облыстық олимпиада жүлдегерлерін марапаттауға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Аудан деңгейінде өткен іс-шараға Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандық әжелер алқасының төрайымы Ш.Құрбанбаева, аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Қошқаров, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасов қатысып, барша ұстаздар мен оқушыларды жеткен жетістіктерімен құттықтап, түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады.

Сонымен қатар облыс көлемінде пән олимпиадаларында жеңімпаз, жүлдегер жүлдегер болған оқушылардың жетекшілеріне, ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитеті тарапынан дайындалған шипажайға тегін жолдама сертификаттары табысталды.

Мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ұстаздар мен оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.

Толағай табыстар мен жоғарығы жетістіктерге қол жеткізген барша ұстаздар мен оқушыларды аудандық кәсіподақ комитетінің атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Кәсіподақтың күші – бірлікте!

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

«БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «БІЛІМДІ ҰРПАҚ – БОЛАШАҚ ЖЕТІСТІГІ» атты іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.