«Білім алушылардың оқу-танымын зерттеу арқылы дамыту»
Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі және N73 жалпы орта мектептің жоспарына сәйкес «Білім алушылардың оқу-танымын зерттеу арқылы дамыту» аудандық семинары өтті.
Семинарға бөлімнің әдістемелік кабинеті меңгерушісі Ш.Иманбердиев және аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Спарханов және әдіскерлері қатысты. Мектепте сабақты зерттеу LS іс әрекетті зерттеуді енгізу арқылы мұғалімдердің сабақты талдауға байланысты кәсіби деңгейін жетілдіру, мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс жасауына, үздіксіз дамуына ықпал жасау, LS топтары ашық LS өткізу барысында өздері дайындаған әдістерімен бөлісу. Мектепте оқушылардың оқу – танымын зерттеу арқылы мұғалімдердің кәсіби деңгейі артады.
Семинарға ауданның №73 жалпы орта мектебінен қазақ тілі, орыс тілі, қазақстан тарихы, ағылшын тілі, бастауыш сынып, алгебра, физика, химия пәні мұғалімдеріне коучинг сабақтар ұйымдастырылды. Аудандық семинарға 8-9-10 сыныптар сабақтарына талдау жасалып, тәжірибе алмасу болды.
Семинар қызықты талдау, саралау, ұсыныстар мен Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен аудандық кәсіподақ ұйымымен бірлескен алғыс хаттармен марапаттарға ұсынылып қорытылды.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі !