БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен 13 ақпан күні аудандық кәсіподақ комитетінде Мақтаарал аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептерде қызмет атқарып жүрген Ауған соғысының ардагерлерімен іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.

Бүгінгі таңда білім беру саласында еңбек етіп жүрген бес Ауған соғысының ардагерлері бар. Атап айтқанда Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Шағдаров Әбдімәлік, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің әскери жетекшісі Исонбаев Хамро, Жас алаш жалпы орта мектебінің директорының шаруашлық істері жөніндегі орынбасары Ауелбеков Нурмурад, Мәдениет жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Лыжин Сергей, Болашақ жалпы орта мектебінің кіші қызметкері Бапаев Дәулет.

Ауған соғысының ардагерлерінің құрметіне орай ұйымдастырылған шара барысында Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Жолдасовтың атынан Алғыс хаттары мен сыйлықтары табысталды.

 

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ. БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ. БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ. БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРЫП ЖҮРГЕН АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.