БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің ұсынысына сәйкес 29 желтоқсан күні білім беру саласында жоғарғы жетістіктерге қол жеткізген ұлағатты ұстаздар марапатталды.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлының алғыс хатымен – №50 «Үлгілі» жалпы орта мектебінің директоры А.Ахментаева, №5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының директоры Д.Дошманов, С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қ.Игенбаева марапатталды.
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиевтың марапатымен – И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Г.Маханбетова марапатталды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Б.Тәжібаевтың алғыс хатымен – №50 «Үлгілі» жалпы орта мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Б.Жунисов марапатталды. Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ.