БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ КЕЛІСУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Аудандық білім мекемелерінің қызметкерлері білім саласындағы дау—жанжалдардың алдын алу мақсатында «Келісу комиссиясы» және оның құрылымы, құқықтық міндеттері мен заңдылықтары баяндалған оқу—семинарында бас қосты. Оқу—семинарға облыстық кәсіподақ комитетінің маманы, заңгер Ақбердиев Ғабит қатысып, аталған комиссияның құрамы, комиссияның жұмыс жүргізуі мен заңдылықтары тұрғысында құқықтық кеңес беріп, қатысушы ұстаздардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Сондай—ақ оқу—семинарға арнайы шықырылған Жетісай аудандық сотының жанындағы кәсіби медиатор Ергешбай Жайна мекмелердегі Келісу комиссиясының рөлі мен мәртебесі туралы айта келе, дау—жанжалдарды сотқа дейінгі қарау, тараптарды өзара татуластыру жайында кеңес берді.
Оқу—семинарды ұйымдастырушы, Жетісай аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Мұқаметжан Спарханов аталған жиынды қорытындылап, Келісу комиссиясының 250 мүшесін сертификаттады.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.