Волейболдан жарыс

Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №5 «Мақтарал» мектеп-гимназиясының әкімдігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен, аудандық кәсіподақ комитетінің қолдауымен 22 мамыр күні білім беру саласының үздігі, бар ғұмырын ағарту саласына арнаған ұлағатты ұстаз Мырзалиев Үсен Парсаханұлын еске алу мақсатында «Мәңгі жанымызда» атты спорттың волейбол түрінен мұғалімдер мен қызметкерлер арасында жарыс өткізілді.

Жарысқа Атакент кенті мен Мақтаарал ауылдық округына қарасты білім беру мекемелері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Сайыстың қорытындысына сәйкес жеңімпаз болған мектептерге және түрлі деңгейдегі номинацияларға ие болған ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитетінің және №5 «Мақтарал» мектеп-гимназиясының дайындаған алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтарын мектеп директоры Д.Дошманов пен аудандық кәсіподақ комитетінің маманы Е.Жанисов табыстады.

Мырзалиев Үсен Парсаханұлын еске алуға арналған жарыс жоғары дейңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Мақтаарал аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Волейболдан жарыс Волейболдан жарыс Волейболдан жарыс Волейболдан жарыс Волейболдан жарыс