Волейболдан турнир
Аудандық кәсіподақ комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес Еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз 30 жылға жуық білім мекемелерініңбасшысы, 10 жылға жуық аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасының орынбасары (қоғамдық негізде) қызметтерін атқарған Әбіш Ержан Тешебайұлын еске алуға арналған ерлер арасында “Волейбол” ойынынан Облыстық турнирге Мақтаарал, Жетісай Қазығұрт, Келес, Шардара, Сарыағаш аудандарының кәсіподақ комитеттерінен жасақталған командалар қатысты. Ашылу салтанатында Облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек, Сарыағаш ауданының ардагер ұстаздары және Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Ә.Тастанбеков мырзалар сөз сөйлеп еске алды, әнұран шырқалып командалар жеребесі тасталды 1-ші топ бойынша Сарыағаш, Мақтаарал, Келес аудандары, екінші топта Жетісай, Шардара, Қазығұрт аудандары өнер көрсетті ойын өте қызықты және тартысты өтті. Ойынның қорытындысы бойынша жалпы жүлделі 1-ші орынды Жетісай ауданының командасы Облыстық кәсіподақ комитетінің Дипломы, адами әлеуетті дамыту бөлімі және аудандық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы, Кубок және 100 мың теңге қаржылай сыйлық, 2-ші орынды Сарыағаш ауданының командасы Диплом, Құрмет грамотасы, Кубок және 75 мың теңге қаржылай сыйлық, 3 ші орынға Мақтаарал ауданына Диплом, Кубок және 50 мың теңге көлемінде қаржылай табысталды. Төрешілер алқасына да Ереже бойынша аудандық кәсіподақ комитетінен қаржылай бөлінді. Ойын өте жоғары дәрежеде өтті.
Сарыағаш аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.