Волейболдан турнир
Түркістан облысы, Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен 7- мамыр «Отан қорғаушылар» күніне және 9-мамыр «Ұлы Жеңістің 77 жыл» толуына орай 8 ауыл әкімшіліктер арасынан білім беру мекемесінің мұғалімдерінен іріктелген ерлер мен әйелдер арасында «Волейбол» ойынынан аудандық жарыс өткізілді.
Жарыста мұғалімдер арасында достық пен ынтымақтастықты насихаттау барысында, тәжірибе алмасып, физикалық денсаулықтарын нығайта отырып, өзара мықты командалар анықталды.
Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ұйымдастыруымен өткен Аудандық жарыс қорытындысы бойынша Ерлер командасынан:
І орын – «Ұшқын» а/ә ;
ІІ орын – «Абай» а/ә;
ІІІ орындарды – «Ошақты» а/ә және «Біртілек»а/ә
Әйелдер командасынан:
І орын – «Абай» а/ә ;
ІІ орын – «Ұшқын» а/ә;
ІІІ орындарды –«Біртілек»а/ә және «Қошқар ата» ауыл әкімшіліктері командалық ұтыспен ұтқан жеңімпаздарын Абай ауыл әкімі Е.Абдрахманов құттықтап, кубокпен, ақшалай сыйлық 50000тг, 40000тг, 30000тг және 20000тг сертификаттарын марапаттап табыстады.
Ерекше ойындармен көзге түскен ерлер және әйелдер командасының арасында Номинациялық грамоталармен:
«Үздік ойыншы»
- Абубакиров Е. «Абай» а/ә, №7 атындағы жоббм кмм
- Жораева Ұ. «Жамбыл» а/ә №60 Жамбыл атындағы жоббм кмм
Допты «Үздік қабыл алушы»
- Джиенбеков Ж. «Ұшқын» а/ә №20 Т.Бердияров атындағы жоббм кмм
- Айткасимова А. «Абай» а/ә №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп гимназиясы
«Үздік тосқауылшы»
Сабиров Е. «Біртілек» а/ә №11 Жолбасшы атындағы жоббм кмм
Тулшибекова Ж. «Абай» а/ә №1 БЖСМ
«Үздік шабуылшы»
Қолдасов С. «Қошқар ата» а/ә №28 Мақташы атындағы жоббм кмм
Полатова А. «Ұшқын» а/ә №20 Т.Бердияров атындағы жоббм кмм марапатталды.
Белсене қатысып, өз үлестерін қосқан командалар Келес ауданының Адами әлеуетті дамыту бөлім басшысы Б.Абдиев пен Білім және Ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитет төрағасы Н.Артыков бірлескен «Құрмет грамотасымен» және 15000 теңгелік сертификаттармен Ерлер командасынан:
«Ақтөбе» а/ә, «Қошқар ата» а/ә, «Жамбыл» а/ә
Әйелдер командасынан:
«Жамбыл» а/ә, «Ақтөбе» а/ә, «Ошақты» а/ә марапатталды .
Абай ауыл әкімі Е.Абдрахманов ерекше ойын көрсеткен «Абай» а/ә әйелдер командасы мен «Ұшқын » а/ә ерлер командасын, Сункарова А. мен Алдашев Ж. ойыншыларын мадақтау қағазымен марапаттап, Аудандық жарыс өз мәресіне жетті.
Келес аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі