Волейболдан турнир
Түркістан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауылында, Саттар Ерубаев атындағы жалпы орта мектебінде 12.06.2021. жылы Шардара аудандық кәсіподақ ұйымының қатысуымен іс- шара өтті .
Шардара ауданының волейбол спортының ардагері Боровик Владимир Михайолвич ағаның 70 жас мерейтойына арналған облыстық ардагерлер турнирі өткізілді.
Жалпы турнирге келген қонақтарды таныстырсақ Қазақстан Республикасы ардагерлер волейбол федерациясының президенті, ҚР прокуратурасы ардагерлер одағының төрағасы, Әділет генерал майоры Әділхан Әсет Малғаждарұлы Нұр-сұлтан қаласы прокурорының орынбасары, ұлттық лигадағы ересектер арасындағы Волейбол федерациясының президенті Бердібек Ержан Сәкенұлы.
Аудан спортының ардагері, Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген физкультура және Волейбол спортының қызметкері Назарбеков Оразбай.
Шардара аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Жұман Ұлықбек Назарұлы қатысып құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының “Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкері” төсбелгісін тағып, арнайы сыйлықтармен марапаттады.