Волонтерлер жылы аясында

Волонтерлер жылы аясында.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел жастарын қоғамдық жұмыстарға араласып, қайырымдылық шараларда белсенділік танытуға, оларды бірлікке, игі істерге шақыру мақсатында биылғы жылды «Еріктілер» жылы деп жариялады. Бұл бастама ел аумағында үлкен қолдауға ие болып, жыл басынан бері арнайы волонтерлерлық топтар құрылып, көптеген қайырымдылық шаралардың куәсі болдық.

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының еріктілер тобы балалар үйі мен қарттар үйіне арналған бірқатар қайырымдылық шаралар атқарды. Облыстық кәсіподақ комитеті аппараты және студенттік кәсіподақ ұйымдары тарапынан 300 ден астам әдеби, көркем кітаптар жиналды. Кітаптарды облыстық кәсіподақ комитетінің еріктілер тобы Түркістан облысы «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына» (Қарттар үйі) арнайы барып табыстады.

Жастарымыз бұл істерімен бір-біріне қолдау білдіріп, қайырымдылық көрсету сынды адами құндылықтарды сақтай отырып, баршамызды бірлікке, қайырымдылыққа шақырды.

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

Волонтерлер жылы аясында Волонтерлер жылы аясында Волонтерлер жылы аясында