«ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ» күніне орай іс-шара өткізілді
«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №1 Е.Молдабаев атындағы жалпы мектеп- интернат базасында 28 сәуір «Дүниежүзілік еңбекті қорғау» күніне орай 2023 жылдың 27 сәуір күні «Адами әлеуетті дамыту бөлімі» және «Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» комитетімен бірігіп ұйымдастырылып іс-шара өтілді.
Аталған іс-шараға «Адами әлеуетті дамыту» бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы қатысып сөз алып сапалы, саналы тәрбие беретін озатты ұстаздарды Төс белгісімен құттықтап марапаттап және «Арыс қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы» төрағасы Мұхаев Жұматай Ишантайұлы Құрмет грамотасымен ұстаздарды құттықтады.
ҚР «MARTEBE» білім және ғылым қызметкерлері салалық кәсіподағының Алғыс хаты, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хаты, Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттары, Түркістан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Төс белгісімен марапаттады.
Марапттарыңыз құтты болсын құрметті ұстаздар!
Шара соңында өнерлі оқушылар өз өнерлерімен мерекенің сәнін келтіріп, әннен шашу шашып, би биледі.
Арыс қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.