«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» атап өтілді.
«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» атап өтілді.
«Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігі мен Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы 29 сәуір 2022 жылы Түркістан қаласында «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін» атап өту жөнінде аймақтық кәсіподақ активі жиналысын өткізді.
Аймақтық кәсіподақ активі жиналысына Сауран ауданы, Кентау, Түркістан қалаларының білім беру ұйымдарының директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары, аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің төрағалары, әлеуметтік әріптестер болып табылатын облыстық адами әлеуетті дамыту, еңбек инспекциясы басқармалары, «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиналыста «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Еркінбек Халықаралық еңбек ұйымы бастамасымен өткізіліп жүрген «Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» туралы баяндама жасады. Баяндамада Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні, оның мақсаты, адам әрбір қоғамның басты құндылығы болғандықтан, жұмыс орнында еңбеккерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңыздылығы мен өндірісте жарақат алуды болдырмау және алдын-алу жөніндегі жұмыстар, облыстық кәсіподақ комитеті мен құрылымдық бөлімшелерінің еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуі және адам өмірін қорғауға байланысты көңіл бөлетін шаралар туралы айтылды.
Жиналыста сөз сөйлегендер:
– А.Сейітқазин – Түркістан облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім басшысы ;
– Б. Қожанов. – «АМАNАТ» партиясы Түркістан облыстық филиалының өкілі;
– Курбанов З. – Сауран ауданы «Тұран» жалпы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Сөз сөйлегендер Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізудің мақсаты мен маңыздылығы, осыған байланысты адам өмірін қорғау жұмысын жақсарту туралы айтып, жиналысқа қатысушыларды құттықтады және облыстық басқармалар мен «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының Алғыс хаттарын тапсырды.
Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Б.Еркінбек бір топ кәсіподақ активіне облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төс белгісін табыстады.
Кәсіподақ активі жиналысына қатысушылар облыс білім саласы еңбеккерлеріне Үндеу қабылдады.
Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.