“ЕКІ ЖҰЛДЫЗ” байқауы
Жетісай ауданы С.Асанов атындағы №38 жалпы білім беретін мектебі КММ-нің тәлімгері Спанова Малика апайдың ұйымдастыруымен “Тәлімгерлер апталығында” мұғалім мен оқушының қатысуымен “Екі жұлдыз” байқауы болып өтті.
Мақсаты: ұстаздардың оқушылардың талантын шыңдау, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Байқау шарты екі кезеңді қамтыды.
1-кезең “Таныстыру”
2-кезең “Еркін” тақырыпта ән орындалды.
Бойындағы ерекше талантымен байқауда оза шыққан жеңімпаздар арнайы дипломдармен,алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Марапат иелері:
Бас жүлде-мұғалім Егемқұлова Әдемі, оқушысы Сейтқұл Нұрназым
“Талантты жұп” номинациясы бойынша мұғалім Спанова Малика, оқушысы Қалмырза Гүлназ
“Өнерлі жұп” номинациясы бойынша мұғалім Мырзаш Дана, оқушысы Асан Ардақ
“Жезтаңдай жұп” номинациясы бойынша мұғалім Есенбек Аймира, оқушысы Сыдық Таңсық
“Сүйкімді жұп” номинациясы бойынша Қалмырза Әдемі, Қалдыбай Балым марапатталды.
Жетісай аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.