ЕЛ АҒАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ!

Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы төрағасының орынбасары Абуов Ахмет Шамұратұлы ұзақ жылдар Қазығұрт ауданының және облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі еңбегімен үлес қосқаны үшін аудандық мәслихаттың 27.12.2023 ж. №10/66-VІІІ шешімімен «Қазығұрт ауданының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Құрметті Ахмет Шамұратұлы!

Сізді алған марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ел игілігі жолында аянбай еңбек ететініңізге сенімдіміз.

Сізге барлық бастамаларыңызға сәттілік, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз!

Облыстық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ЕЛ АҒАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ! ЕЛ АҒАСЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ!