ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН МҰҒАЛІМДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
11 мамыр күні Түркістан қаласы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Г.Төрежанованың бастамасы бойынша, марапат алатын қалалық кәсіподақ активіне марапаттар облыстық әкімшілік ғимаратының «Б» корпусындағы Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің кабинетінде жүргізілді.
Жиында «Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасының орынбасары А.Абуов Түркістан қалалық кәсіподақ ұйымы активіне «Мәртебе» білім және ғылымның салалық кәсіптік одағы» ҚБ «Құрмет грамотасын, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төс белгілері мен Құрмет грамоталарын, Түркістан қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық кәсіподақ комитетінің бірлескен Құрмет грамотасы мен қалалық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарын табыстады.
А.Абуов облыстық кәсіподақ комитетінің соңғы уақытта атқарылған жұмыстары туралы кәсіподақ активіне ақпарат беріп, олардың сұрақтарына жауап берді.
Аталған шараға облыстық және қалалық кәсіподақ комитеттерінің мамандары Б.Қилыбай, Ә.Мақұлбекова, Ф. Дадабаев қатысты.
Түркістан қалалық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі