ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

 

Ауғанстан аумағынан әскерлердің шығарылуы жыл сайын 15 ақпанда атап өтіледі, өйткені дәл осы күні 1989 жылы Ауғанстандағы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің соңғы бөлімшелері Ауғанстан Демократиялық Республикасының аумағынан шығарылды. 10 жылға созылған сұрапыл соғыста Ауған жерінен  Кеңес әскерлерінің шығарылғанына  биыл 33 жыл толды. Аталған тарихи даталы күнге арнап, жастарды әскери-патриоттық сезімде тәрбиелеу мақсатында Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы бірлесіп, мектептерде ұстаздық етіп жүрген ауған соғысының ардагерлерін  кәсіподаққа еңбегі сіңген төс белгімен және құрмет грамотасымен марапаттады. Жалпы айтқанда, Амангелді атындағы ЖОМ-нен Ақай Тілес Төленбайұлы, Шорнақ мектебінен Дүйсекеев Серик Мұсаханович, М.Балақаев атындағы мектептен Беркимбаев Ардабай Сейлбекович, Қызыл Әскер мектебінен Гуламов Толкин Шарипович, Қарашық ЖОМ-нен Парманкулов Хамза Насруллаевич, Ұлықбек атындағы мектептен Бабаханов Гафуржан ағаларымызға құрмет көрсетілді.

Бұл – ұйымастырылған шараның мақсаты орындалды деген сөз. Жауынгер сөзі жас буынның санасына ой салды, жүрегіне жетті. Басты мақсат та сол еді!

Аман жүріңіздер, жауынгер ағалар! Ауған соғысының ардагерлері! Кеуделеріңіздегі орден-медальдар ерлік пен батылдықтың  белгісіндей,  жас ұрпаққа қоңырау болып, сыңғырлап тұра берсін!

Сауран аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ