«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты байқау
Облыстық «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты байқау онлайн режимде өтті
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының негізгі іс шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айы мен мамыр айы аралығында студент жастар арасында Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 75 жыл толуына орай үздік патриоттық әндерге байқау жарияланған болатын.
Байқаудың мақсаты жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық бастамашылығын дамыту, елдің қоғамдық өміріне белсене атсалысуға шақыру болып табылады.
Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты облыстық байқау 2020 жылдың 20 сәуірі мен 5 мамыры аралығында онлайн режимде өткізілді.
Байқауға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы Түркістан облыстық ұйымының құрамына кіретін жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысты.
Барлығы 30-дан аса бейне материалдар байқауға ұсынылған болса, байқау комиссиясының қарауына төменде көрсетілген материалдар жіберілді:
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті
Атығаев Ырысалды, «Қазақ елі» әні
- М.Әуезов ат. ОҚМУ студенттері
Джақсылықов Нұрсұлтан, «Атамекен» әні, Бурабек Нурила, «Туған жер» әні, Шермахан Баян, Қалыбек Аружан, Тұрсынхан Ұлжалғас, Тұрсынбек Шыңғысхан, «Алға, қазақ жігіттері» әні, Айтбек Исхан
- Шымкент политехникалық колледжінің студенті
Балабек Азамат, «Отаным» әні
- ТОО Кентау колледжінің студенті
Абдез Азиза, «Мен жастарға сенемін» әні
- Түркістан жоғары аграрлық колледжінің студенті
Абай Балнұр, «Көк тудың желбірегені» әні
- Жол-көлік колледжінің студенті
Абдәлі Қыдыржан, «Қазақстаным – ұлы Отаным» әні
- №24 «Таукент» колледжінің студенті
Игиликова Мақпал
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық комитетінің баспасөз қызметі.