Есеп беру жиналысы

Сайрам аудандық білім бөлімінің №59 Жандарбеков атындағы ЖББМ бастауыш кәсіподақ ұйымының есеп беру жиналысы өтті.
Жиналыстың күн тәртібіне сәйкес, кәсіподақ комитетінің төрайымы Калыбекова Нағима мектеп ұжымы алдында, кәсіподақ комитетімен атқарған жұмыстары туралы жылдық есебін берді.
Нағима Абеновна есеп кезеңіндегі кәсіподақ жарнасының жұмсалуы, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік, құқықтық қорғалуы, сауықтыруы, кәсіподақ комитеті бастамасымен өткізілген іс-шаралары туралы баяндады.
Ұжым бірауыздан кәсіподақ комитетінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.
Жиналыс барысында кәсіподақ мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, аудандық кәсіподақ комитетінің мамандары Х.М.Эрметов пен Р.К.Искакова оларға жауап берді.
Жиналыс соңында жоғары жетістіктерге қол жеткізген ұстаздар Л.Молдабекова, Ж.Рахимов, А.Бекбенбетова, М.Қалыбековтер Республика күніне орай облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сайрам аудандық кәсіподақ комитетінің баспасөз қызметі.